Төмендегі кестеде Ақпараттық маңыздылық деңгейі бар Kaspersky Security Center Басқару серверінің оқиғалары келтірілген.
Бағдарлама жасай алатын әрбір оқиға үшін, бағдарлама саясаты сипаттарындағы Оқиғаларды конфигурациялау қойындысында хабарландыру параметрлерін және сақтау параметрлерін көрсетуге болады. Басқару сервері үшін, Басқару серверінің сипаттарындағы оқиғалар тізімін қосымша түрде қарап шығуға және конфигурациялауға болады. Барлық оқиғалар үшін хабарландыру параметрлерін бірден конфигурациялау қажет болса, Басқару сервері сипаттарында жалпы хабарландыру параметрлерін конфигурациялаңыз.
Басқару серверінің ақпараттық оқиғалары
Оқиға түрінің көрсетілетін атауы |
Оқиға түрі идентификаторы |
Оқиға түрі |
Әдепкі бойынша сақтау мерзімі |
Пікір |
---|---|---|---|---|
Лицензиялық кілттің 90%-дан көп бөлігі қолданылып қойған |
4097 |
KLSRV_EV_LICENSE_CHECK_90 |
30 күн |
|
Жаңа құрылғы анықталды |
4100 |
KLSRV_EVENT_HOSTS_NEW_DETECTED |
30 күн |
|
Құрылғы топқа автоматты түрде қосылды |
4101 |
KLSRV_EVENT_HOSTS_NEW_REDIRECTED |
30 күн |
|
Құрылғы ереже арқылы автоматты түрде жылжытылды |
1074 |
KLSRV_HOST_MOVED_WITH_RULE_EX |
30 күн |
|
Құрылғы топтан жойылды: желіде ұзақ уақыт бойы белсенді емес |
4104 |
KLSRV_INVISIBLE_HOSTS_REMOVED |
30 күн |
|
Лицензиялы бағдарламалар топтарының біреуі үшін рұқсат етілген орнатулардың саны (95%-дан) асты |
4128 |
KLSRV_INVLICPROD_EXPIRED_SOON |
30 күн |
|
Kaspersky талдауға жіберетін файлдар пайда болды |
4131 |
KLSRV_APS_FILE_APPEARED |
30 күн |
|
Осы ұялы құрылғыда FCM үлгісінің идентификаторы өзгертілді |
4137 |
KLSRV_GCM_DEVICE_REGID_CHANGED |
30 күн |
|
Жаңартулар белгіленген қалтаға сәтті көшірілді |
4122 |
KLSRV_UPD_REPL_OK |
30 күн |
|
Қосалқы Басқару серверімен байланыс орнатылды |
4115 |
KLSRV_EV_SLAVE_SRV_CONNECTED |
30 күн |
|
Негізгі Басқару серверімен байланыс орнатылды |
4117 |
KLSRV_EV_MASTER_SRV_CONNECTED |
30 күн |
|
Дерекқорлар жаңартылды |
4144 |
KLSRV_UPD_BASES_UPDATED |
30 күн |
|
Аудит: Басқару серверіне қосылым орнатылды |
4147 |
KLAUD_EV_SERVERCONNECT |
30 күн |
|
Аудит: нысан өзгертілді |
4148 |
KLAUD_EV_OBJECTMODIFY |
30 күн |
Бұл оқиға келесі нысандардағы өзгерістерді қадағалайды:
|
Аудит: нысан күйі өзгертілді |
4150 |
KLAUD_EV_TASK_STATE_CHANGED |
30 күн |
Мысалы, тапсырма қатемен аяқталса, бұл оқиға туындайды. |
Аудит: топ параметрлері өзгертілді |
4149 |
KLAUD_EV_ADMGROUP_CHANGED |
30 күн |
|
Аудит: Басқару серверіне қосылу тоқтатылды |
4151 |
KLAUD_EV_SERVERDISCONNECT |
30 күн |
|
Аудит: Нысанның сипаттары өзгертілді |
4152 |
KLAUD_EV_OBJECTPROPMODIFIED |
30 күн |
Бұл оқиға келесі параметрлердегі өзгерістерді қадағалайды:
|
Аудит: Пайдаланушы рұқсаттары өзгертілді |
4153 |
KLAUD_EV_OBJECTACLMODIFIED |
30 күн |
|
Аудит: Басқару серверінен импортталған немесе экспортталған шифрлау кілттері |
5100 |
KLAUD_EV_DPEKEYSEXPORT |
30 күн |
|