Бағдарламаның негізгі терезесінде Бақылау және есеп беру → Оқиғаларды таңдау бөліміне өтіңіз.
Өзгертуді қажет ететін оқиғалар таңдауына қарама-қарсы жалаушаны қойыңыз.
Сипаттар түймесін басыңыз.
Оқиғалар таңдауы сипаттары терезесі ашылады.
Оқиғалар таңдауы сипаттарын өңдеңіз.
Алдын ала анықталған оқиғалар таңдауы үшін сипаттарды тек келесі қойыншаларда өңдеуге болады: Жалпы (таңдау атауын қоспағанда), Уақыт және Қатынасу құқықтары.
Пайдаланушы таңдаулары үшін барлық сипаттарды өңдеуге болады.