Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.
Ашылған бетте Басқару серверлері қойыншасына өтіңіз.
Виртуалды Басқару серверін қосқыңыз келетін басқару тобын таңдаңыз. Виртуалды Басқару сервері құрылғыларды таңдалған топтан (оның ішінде ішкі топтардан) басқарады.
Мәзірден Жаңа виртуалды Басқару сервері тармағын таңдаңыз.
Ашылған бетте жаңа виртуалды Басқару серверінің сипаттарын белгілеңіз:
Виртуалды Басқару серверінің атауы.
Басқару серверінің қосылу мекенжайы
Басқару серверінің атын немесе IP мекенжайын көрсетуге болады.
Пайдаланушылар тізімінен виртуалды Басқару сервері әкімшісін таңдаңыз. Қажет болса, қолданыстағы есептік жазбаны әкімші рөлін тағайындамас бұрын өзгертуге болады; жаңа есептік жазба да жасалуы мүмкін.
Сақтау түймесін басыңыз.
Жаңа виртуалды Басқару сервері жасалды, басқару тобына қосылды және Басқару серверлері қойыншасында көрсетіледі.
Егер сіз Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліндегі негізгі Басқару серверіне қосылған болсаңыз және қосалқы Басқару сервері басқаратын виртуалды Басқару серверіне қосыла алмасаңыз, келесі тәсілдердің бірін пайдалана аласыз:
Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы орнатылған құрылғыда ksc-web-console-<нұсқа нөмірі>.<жинақ нөмірі>.exe орындалатын файлын әкімші құқықтары бар есептік жазбамен іске қосыңыз.
Бағдарламаны орнату шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.
Жаңарту параметрін таңдаңыз.
Өзгеріс түрі бетінде Қосылым параметрлерін өзгерту параметрін таңдаңыз.
Сенімді Басқару серверлері қадамында қажетті қосалқы Басқару серверлерін қосыңыз.
Соңғы қадамда, жаңа параметрлерді қолдану үшін Өзгерту түймесін басыңыз.
Бағдарламаны орнату сәтті аяқталғаннан кейін Дайын түймесін басыңыз.
Виртуалды Сервер құрылған қосалқы Басқару серверіне тікелей қосылу үшін Kaspersky Security Center Web Console пайдаланыңыз. Осыдан кейін, сіз Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде виртуалды Басқару серверіне ауыса аласыз.