Желіңіздегі құрылғыларға орнатылған қауіпсіздік бағдарламасы нұсқасына байланысты, санат файлдары үшін хеш функциясын Kaspersky Security Center бағдарламасы тарапынан есептеп шығару алгоритмін таңдау керек. Есептеп шығарылған хеш функциялары туралы ақпарат Басқару серверінің дерекқорында сақталады. Хеш функцияларын сақтау арқасында дерекқордың өлшемі шамалы ұлғаяды.
SHA256 – алгоритмінде осалдық табылмаған криптографиялық хеш функциясы және ол қазіргі уақытта ең сенімді криптографиялық функция болып саналады. Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 for Windows және одан жоғары нұсқасы SHA256 хеш функциясын есептеп шығаруды қолдайды. MD5 хеш функциясын есептеп шығаруға Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 for Windows нұсқасынан төмен нұсқалар үшін қолдау көрсетіледі.
Санат файлдары үшін Kaspersky Security Center бағдарламасы тарапынан хеш функциясын есептеп шығару нұсқаларының бірін таңдаңыз:
- Желіңізде орнатылған қауіпсіздік бағдарламаларының барлық даналары Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 for Windows және одан жоғары нұсқасы болса, онда SHA256 жалаушасын қойыңыз. Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 for Windows нұсқасынан төмен бағдарлама нұсқалары үшін, орындалатын файлдың SHA256 өлшемшарты бойынша жасалған санатты қосу ұсынылмайды. Бұл қауіпсіздік бағдарламаның істен шығуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда, санат файлдары үшін MD5 криптографиялық хеш функциясын қолдана аласыз.
- Сіздің желіңізде Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 for Windows бағдарламасының ең ерте нұсқалары орнатылған болса, MD5 хэші тармағын таңдаңыз. Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 for Windows және одан жоғары нұсқалары үшін орындалатын файлдың MD5 бақылау сомасының өлшемшарты бойынша жасалған санатты қосуға болмайды. Бұл жағдайда, санат файлдары үшін SHA256 криптографиялық хеш функциясын қолдана аласыз.
Желіңіздегі әртүрлі құрылғылар Kaspersky Endpoint Security 10 бағдарламасының ең ерте нұсқаларын да, ең кейінгі нұсқаларын да қолданса, онда SHA256 жалаушасы мен MD5 хэші жалаушасын қойыңыз.
Әдепкі бойынша, Санаттағы файлдар үшін SHA256 есептеп шығару (Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 for Windows үшін қолдау көрсетіледі) жалаушасы қойылған.
Әдепкі бойынша, Осы санаттағы файлдар үшін MD5 есептеу (Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 for Windows нұсқасынан бұрынғы нұсқалармен қолдау көрсетіледі) алынып тасталған.