Осалдықтарды түзету тапсырмасын пайдалану үшін, тапсырма параметрлерінде тізімделген үшінші тарап бағдарламаларындағы осалдықтарды түзету үшін бағдарламалық жасақтама жаңартуларын қолмен көрсету керек. Осалдықтарды түзету тапсырмасы Microsoft бағдарламаларының ұсынылған түзетулерін және басқа үшінші тарап бағдарламалары үшін пайдаланушылық түзетулерді пайдаланады. Пайдаланушылық түзетулер – бұл әкімші орнату үшін қолмен көрсететін осалдықтарды түзетуге арналған бағдарламалық жасақтама жаңартулары.
Үшінші тарап бағдарламаларындағы осалдықтарға арналған пайдаланушылық түзетулерді таңдау үшін:
Беттерде клиент құрылғыларында анықталған бағдарламалардағы осалдықтар тізімі көрсетіледі.
Осалдық сипаттары терезесі ашылады.
Таңдалған бағдарламалық жасақтама осалдықтары үшін пайдаланушылық түзетулердің тізімі көрсетіледі.
Қолжетімді орнату пакеттері тізімі көрсетіледі. Көрсетілген орнату пакеттері тізімі Операциялар → Қоймалар → Орнату пакеттері қалтасындағы тізімге сай келеді. Егер сіз таңдалған осалдықты түзету үшін пайдаланушылық түзетуді қамтитын орнату пакетін жасамаған болсаңыз, орнату пакетін жасау шеберін іске қосу арқылы пакетті қазір жасауға болады.
Бағдарламалық жасақтама осалдықтарына арналған пайдаланушылық түзетулерді қамтитын орнату пакеттері көрсетілген. Осалдықтарды түзету тапсырмасын іске қосқаннан кейін, орнату пакеті орнатылып, бағдарламалық жасақтама осалдықтары жабылады.