Есеп үлгілері үшін кеңейтілген сүзгі пішіміне Kaspersky Security Center 12 және одан да жоғары нұсқасында ғана қолдау көрсетіледі. Сүзгіні әдепкі бойынша кеңейтілген пішімге түрлендіргеннен кейін, есеп үлгісі Kaspersky Security Center бағдарламасының бұрығы нұсқалары орнатылған желіңіздегі Басқару серверлерімен үйлесімді болмай қалады. Осы Басқару серверлерінен алынатын ақпарат есеп үшін алынбайды.
Әдепкі пішімнен кеңейтілген пішімге түрлендіру үшін:
Кеңейтілген сүзгі пішіміне түрлендіру, ол қолданылатын есеп үлгісі үшін қайтымсыз болып саналады. Сүзгіні түрлендіру сілтемесінен кездейсоқ өткен болсаңыз, есеп үлгісі сипаттары терезесінде Бас тарту түймесін басып, өзгерістердің күшін жоя аласыз.
Есеп үлгісі сипаттары терезесі қайта ашылған кезде, жаңа қолжетімді Сүзгілер бөлімі көрсетіледі. Бұл бөлімде кеңейтілген сүзгі пішімін конфигурациялай аласыз.