Оқиғалар журналдарын жүктеу
Қашықтағы құрылғыдан оқиғалар журналын жүктеу үшін:
- Клиент құрылғысын қашықтан диагностикалау утилитасын ашыңыз.
- Қашықтан диагностикалау терезесінің Оқиға журналдары бөлімінде Барлық құрылғы журналдары бөлімін таңдаңыз.
- Барлық құрылғы журналдары терезесінде бір немесе бірнеше оқиғалар журналын таңдаңыз.
- Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
- Бүкіл файлды жүктеп алу түймесін басып, таңдалған оқиғалар журналын жүктеңіз.
- Таңдалған оқиғалар журналының бөлігін жүктеңіз:
- Файл бөлігін жүктеп алу түймесін басыңыз.
Бірнеше оқиғалар журналын бір уақытта ішінара жүктеп алу мүмкін емес. Бірнеше оқиғалар журналын таңдасаңыз, Файл бөлігін жүктеп алу түймесі өшіріледі.
- Ашылған терезеде өз талаптарыңызға сай жүктеп алу үшін оқиғалар журналының аты мен бөлігін көрсетіңіз.
Linux арқылы басқарылатын құрылғылар үшін оқиғалар журналы бөлігінің атауын өзгерту қолжетімді емес.
- Жүктеп алу түймесін басыңыз.
Таңдалған оқиғалар журналы немесе оның бөлігі көрсетілген жерге жүктеп алынады.
Басына оралу