Kaspersky Security Center Web Console сервері бағдарламаның жұмыс істеуі үшін критикалық емес бірқатар шектеулерге ие:
Желілік агент Microsoft Windows XP жүйесінде орнатылған болса, басқарылатын Бағдарламаларды басқару компоненттері туралы ақпарат қолжетімді емес.
Белсендіру кодын енгізу арқылы басқару серверінің қоймасына EDR Optimum кілтін қоссаңыз ғана, негізгі мәзірдің Бақылау және есеп беру бөлімінде консоль Ескертулер ішкі бөлімін көрсетеді.
Криптографиялық күшті қамтамасыз ету үшін басқару серверінің сертификатына SHA-2 арқылы қол қойылуы және кілттің минималды ұзындығы 2048 болуы керек. Сертификатты қайта шығару қажет болса, Kaspersky Security Center білім қорын қараңыз.
Kaspersky Security Center 15.1 Web Console ішіндегі N күн сайын және Апта күндері бойыншажоспарлау параметрлерімен тапсырма жасасаңыз, содан кейін тапсырманы Kaspersky Security Center Web Console немесе Kaspersky Security Center Administration Console алдыңғы нұсқаларымен ашсаңыз (мысалы, тапсырма Linux және Windows негізіндегі болуы мүмкін қосымша басқару серверлерінде де қолданылса), жоспарлау параметрлері дұрыс көрсетілмеуі немесе қате пайда болуы мүмкін.
Arm архитектурасына негізделген және Astra Linux Special Edition РУСБ.10015-01 (кезекті жаңарту 1.7) негізінде жұмыс істейтін құрылғыда Желілік агентті жою тапсырмасын іске қосқанда, Желілік агент сәтті жойылады, бірақ тапсырмалар тізіміндегі ағымдағы прогресс үшін тапсырма күйі қатып қалды.
Exchange ActiveSync-ке бұдан былай қолдау көрсетілмегенімен, Kaspersky Device Management for iOS сипаттары терезесі әлі де EAS құрылғылары параметрлері бөлімін қамтиды.
Kaspersky Security Center құрылғы атауында кириллица таңбалары бар құрылғыда орнатылған болса және KSN прокси-сервері Басару серверінде қосылған болса, KSN желісіне HTTPS арқылы қосылу сәтсіз аяқталады.
Сіз Пайдаланушы есептік жазбасын өзгерту рұқсатын тексеру үшін аутентификацияны сұрау параметрі қосылған пайдаланушы есептік жазбасының сипаттарын өзгертуге тырысқанда, содан кейін Есептік жазба қорғанысы терезесіндегі Бас тарту түймесін басқанда, күтпеген қате орын алады.
Құрылғыдағы уақытты немесе уақыт белдеуін өзгертсеңіз, Kaspersky Security Center Web Console қызметін қайта іске қосуыңыз керек.
Құрылғыда прокси-сервер пайдаланылса және прокси-сервер ортасының айнымалы мәндері орнатылса, Kaspersky Security Center Web Console орнату бағдарламасы қатып қалуы мүмкін.
Тарату нүктелерінің қоймасыға жаңартуларды жүктеп алу немесе Жаңартуларды тексеру тапсырмасын импортталған кезде, Тапсырма тағайындалатын құрылғыларды таңдау параметрі қосулы болады. Бұл тапсырмаларды құрылғы таңдауларына немесе бекітілген құрылғыларға тағайындау мүмкін емес. Тарату нүктелерінің қоймасыға жаңартуларды жүктеп алу немесе Жаңартуларды тексеру тапсырмасын белгілі бір құрылғыларға тағайындасаңыз, тапсырма дұрыс импортталмайды.
Желілік агенттің 15-нұсқасы орнатылған Linux операциялық жүйесімен жұмыс істейтін тарату нүктесін пайдалансаңыз, мекенжай мен пайдаланушының есептік жазба деректерін көрсеткен Active Directory домендеріне ғана сауалнама жүргізуге болады. Ағымдағы Active Directory домені мен Active Directory доменінің тобы үшін сауалнама жүргізу қолжетімді емес.
Windows желі сауалнамасын бастағаннан кейін, клиент құрылғылары табылмауы мүмкін.
Болашақ қосалқы Серверде, Қосалқы Басқару серверін қосу шебері терезесінде түпнұсқалық растама үшін екі қадамдық тексеруы қосылған есептік жазбаны көрсетсеңіз, шебер өз жұмысын қатемен аяқтайды. Бұл мәселені шешу үшін, екі қадамдық тексеруі өшірілген есептік жазбаны көрсетіңіз немесе болашақ қосалқы Серверден иерархия жасаңыз.
Kaspersky Security Center Web Console серверіне кірген кезде, сіз домендік түпнұсқалық растаманы қолдансаңыз және қосылу үшін виртуалды Басқару серверін көрсетсеңіз, содан соң бағдарламадан шығып, негізгі Басқару серверіне кіруге тырыссаңыз, онда Kaspersky Security Center Web Console сервері әлі де болса виртуалды Басқару серверіне қосылады. Негізгі Басқару серверіне қосылу үшін браузерді қайта ашыңыз.
Windows желісінің жылдам/толық сауалнамасы бос нәтижені қайтарады.
Kaspersky Security Center Web Console серверін Есептік деректер және қатынасу диспетчерімен бірге орнатсаңыз, содан соң Kaspersky Security Center Web Console Басқару серверін ауыстырсаңыз, Есептік деректер және қатынасу диспетчері құрамдасы жаңа Басқару сервері туралы ақпаратты алмайды.
Бірнеше желілік адаптері бар басқарылатын құрылғы Басқару серверіне қосылу үшін пайдаланылатын желілік адаптерден ерекшеленетін желілік адаптердің MAC мекенжайы туралы ақпаратты Басқару серверіне жібереді.
CEF деректер форматы таңдалған кезде, SIEM жүйесіне арналған сынақ қосылымы сәтсіз аяқталады.
NTLM аутентификациясы Қорғалған пайдаланушылар тобындағы пайдаланушы есептік жазбалары үшін жұмыс істемейді.