Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.
Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.
Жалпы қойыншасында KSN-прокси параметрлері бөлімін таңдаңыз.
Қосқышты Басқару серверіндегі KSN Проксиді қосу Қосулы күйіне ауыстырыңыз.
KSN прокси-сервері қосылды және Kaspersky Security Center компоненттері мен Kaspersky қолданбаларының жұмыс тиімділігін арттыру үшін деректерді KSN-ге жібереді.
Енді KSN-ге деректер жіберу қолжетімді. Бұл параметрді қоссаңыз, KSN мәлімдемесін оқып, оның шарттарын қабылдауыңыз қажет.
KPSN пайдалансаңыз, қосқышты Kaspersky Private Security Network пайдалану Қосулы күйіне жылжытыңыз және KPSN параметрлерін (pkcs7 және pem кеңейтімдері бар файлдар) жүктеп алу үшін KSN-прокси параметрлері бар файлды таңдау түймесін басыңыз. Параметрлер жүктелгеннен кейін, интерфейсте провайдердің атауы, провайдердің контактілері және KPSN параметрлері бар файл жасалған күн көрсетіледі.
Қосқышты Kaspersky Private Security Network пайдалану Қосулы күйіне жылжытқанда, KPSN туралы толық ақпараты бар хабар пайда болады.
Сақтау түймесін басыңыз.
KSN қолданысын өшіру үшін:
Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.
Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.
Жалпы қойыншасында KSN-прокси параметрлері бөлімін таңдаңыз.
KSN прокси-сервері қызметін өшіру үшін қосқышты Басқару серверіндегі KSN Проксиді қосу Өшірулі күйіне ауыстырыңыз.