Манифест-файлы негізінде орнату пакетін жасау

Манифест-файлы негізінде орнату пакетін жасау үшін:

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыруОрналастыру және тағайындауОрнату пакеттері бөліміне өтіңіз.
    • Бағдарламаның негізгі терезесінде ОперацияларҚоймаларОрнату пакеттері бөліміне өтіңіз.

    Басқару серверінде қолжетімді орнату пакеттерінің тізімі көрсетіледі.

  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Орнату пакетін жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

  3. manifest.json файлы бар ZIP мұрағаты бойынша сценарийлерді қашықтан орындау тапсырмасы үшін орнату пакетін жасаңыз параметрін таңдаңыз.
  4. Пакет атауын көрсетіңіз және Шолу түймесін басыңыз.

    Орнату пакетін жасау үшін файлды таңдауға болатын Windows стандартты Ашу терезесі ашылады.

  5. Қолжетімді дискілерде орналасқан мұрағаттық файлды таңдаңыз. Бұл тапсырма үшін мұрағатты қалай дайындау керектігі туралы ақпаратты мақаланы қараңыз.

    Файл Kaspersky Security Center басқару серверіне жүктеле бастайды.

    Орнату пакетін жасау процесі басталады.

    Шебер терезесінде процестің аяқталуы туралы ақпарат көрсетіледі.

    Егер орнату пакеті жасалмаса, тиісті хабарландыру көрсетіледі.

  6. Шебер терезесін жабу үшін Аяқтау түймесін басыңыз.

Жасалған орнату пакеті Басқару серверінің ортақ қатынасы бар қалтасының Packages салынған қалтасына жүктеледі. Жүктелгеннен кейін, орнату пакеті орнату пакеттерінің тізімінде пайда болады.

Басқару серверінде қолжетімді орнату пакеттері тізімінде, орнату пакетінің атын басу арқылы, келесі әрекеттерді орындай аласыз:

Басына оралу