Жергілікті есептік жазбаның құпиясөзін өзгертуге болады, мысалы, пайдаланушы жергілікті есептік жазба құпиясөзін ұмытып қалғанда немесе құпиясөзді кесте бойынша өзгерту үшін.
Құпиясөзді өзгерту пайдаланушы есептік жазбаға кірмеген жағдайда да қолданылады. Сондай-ақ, root жергілікті есептік жазбасы үшін құпиясөзді өзгертуге болады.
Бұл тапсырманы тек Linux басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларда орындауға болады.
Белгілі бір құрылғыларда жергілікті есептік жазба құпиясөзін өзгерту үшін:
Бағдарламаның негізгі терезесінде Активтер (құрылғылар) → Тапсырмалар бөліміне өтіңіз.
Қосу түймесін басыңыз.
Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады.
Тапсырма түрі өрісінде Есептік жазба құпиясөзін өзгерту (тек Linux) тармағын таңдаңыз.
Тапсырма бұрын жасалған басқару тобына кіретін құрылғыларға тағайындалады. Бар топтардың бірін көрсетуге немесе жаңа топ құруға болады.
Мысалы, хабар белгілі бір басқару тобындағы құрылғыларға арналған болса, пайдаланушыларға хабар жіберу тапсырмасын іске қосу үшін осы параметрді пайдалануға болады.
Тапсырма Басқару тобына тағайындалса, Қауіпсіздік қойындысы тапсырма сипаттары терезесінде көрсетілмейді, себебі топтық тапсырмалар олар тиесілі болып саналатын қауіпсіздік топтарының параметрлеріне бағынады.
Сіз NetBIOS атауларын, DNS атауларын, IP мекенжайларын, сондай-ақ тапсырманы тағайындауды қажет ететін құрылғылардың IP мекенжайы ауқымдарын белгілей аласыз.
Бұл параметрді белгіленген ішкі желі үшін тапсырманы орындау үшін пайдалануға болады. Мысалы, сіз бухгалтерлердің құрылғыларына белгілі бір бағдарламаны орната аласыз немесе вирус жұқтыруы мүмкін ішкі желідегі құрылғыларды тексере аласыз.
Тапсырма құрылғы таңдауларына кіретін құрылғыларға тағайындалады. Қолданыстағы таңдаулардың бірін көрсетуге болады.
Мысалы, операциялық жүйенің белгілі бір нұсқасы бар құрылғыларда тапсырманы іске қосу үшін осы параметрді пайдалануға болады.
Есептік жазба құпиясөзін өзгерту (тек Linux) тапсырмасы көрсетілген құрылғылар үшін жасалады. Басқару тобына тапсырманы белгілеу параметрін таңдаған болсаңыз, тапсырма топтық болып саналады.
Тапсырма ауқымы қадамында басқару тобын, нақты мекенжайлары бар құрылғыларды немесе құрылғылар таңдауын көрсетіңіз.
Қолжетімді параметрлер алдыңғы қадамда таңдалған параметрлерге байланысты.
Есептік жазба аты мен жаңа құпиясөзді енгізіңіз қадамында келесі параметрлерді көрсетіңіз:
Есептік жазбаның атауы өрісінде құпиясөзді өзгерткіңіз келетін есептік жазбаның атауын енгізіңіз.
Жаңа құпиясөз жолында алдыңғы өрісте көрсетілген есептік жазба үшін орнатылатын құпиясөзді енгізіңіз.
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
Қажет болса, Бір реттік құпиясөз ретінде орнату (пайдаланушы есептік жазбаға бірінші кіргеннен кейін, құпиясөзді өзгертуі керек) құсбелгісін қойыңыз.
Егер бұл құсбелгі таңдалса, пайдаланушыдан бірінші рет кіргеннен кейін жаңа құпиясөзді өзгерту сұралады.
Бұл құсбелгі алынып тасталса, пайдаланушыдан бірінші рет кіргеннен кейін жаңа құпиясөзді өзгерту сұралмайды.
Әдепкі бойынша, жалауша алынып тасталған.
Тапсырма жасау және шеберді абу үшін Тапсырманы жасауды аяқтау қадамында Аяқтау түймесін басыңыз.
Жасап болған соң, тапсырма туралы мәліметтерді ашу параметрі қосулы болса, тапсырма параметрлері терезесі ашылады. Бұл терезеде тапсырма параметрлерін тексеруге, оларды өзгертуге немесе қажет болса, тапсырманы іске қосу кестесін конфигурациялауға болады.
Тапсырмалар тізімінде жасалған тапсырманы таңдап, Іске қосу түймесін басыңыз.
Немесе тапсырма параметрлерінде көрсетілген кестеге сәйкес тапсырманың іске қосылуын күтіңіз.
Есептік жазба құпиясөзін өзгерту тапсырмасы аяқталғанда, құпиясөз таңдалған құрылғыларда көрсетілген жергілікті есептік жазба үшін өзгертіледі.
Есептік жазба құпиясөзін өзгерту тапсырмаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланушы құрылғысында SELinux өшірілуі керек.
Процестердің операциялық жүйе ресурстарына қол жеткізуін басқару жүйесі қауіпсіздік саясаттарына негізделген.