Басқару серверінің іркілісін азайту мақсатында басқару сервері деректерінің сақтық көшірмесін жасау мен қалпына келтіруді оңтайландыру үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Мәліметтер алу үшін келесі мақаланы қараңыз: Сақтық көшірме жасау уақытын азайту үшін файлдық жүйе снапшотын пайдалану.
Әкімші құқықтары бар Windows пәрмен жолын іске қосыңыз, содан кейін ағымдағы каталогті klscflag утилитасы бар каталогке өзгертіңіз. klscflag утилитасы Басқару серверінің орнату қалтасында орналасқан. Әдепкі бойынша орнату жолы: <Диск>:\Program Files (x86)\Kaspersky Lab\Kaspersky Security Center.
KLSRV_BKP_FILES
— дерекқор файлын 2-ден 32-ге дейінгі бірнеше кішірек файлға бөледі. Бұл жағдайда ДҚБЖ өнімділігіне процессор шектеу қойған кезде сақтық көшірме жасау мен қалпына келтіру процесі жеделдейді.
Мысалы:
klscflag -fset -pv klserver -n KLSRV_BKP_FILES -t d -v 2
KLSRV_BKP_BACKUP_EXTRA_PARS
— COMPRESSION
және MAXTRANSFERSIZE
параметрлерін көрсетеді. Бұл жағдайда ДҚБЖ өнімділігіне файл кірісі/шығысы шектеу қойған кезде сақтық көшірме жасау процесі жеделдейді.
Мысалы:
klscflag -fset -pv klserver -n KLSRV_BKP_BACKUP_EXTRA_PARS -t s -v "COMPRESSION, MAXTRANSFERSIZE = 4194304"
KLSRV_BKP_RESTORE_EXTRA_PARS
— MAXTRANSFERSIZE
параметрін көрсетеді. Бұл жағдайда ДҚБЖ өнімділігіне файл кірісі/шығысы шектеу қойған кезде қалпына келтіру процесі жеделдейді.
Мысалы:
klscflag -fset -pv klserver -n KLSRV_BKP_RESTORE_EXTRA_PARS -t s -v "MAXTRANSFERSIZE = 4194304"
KLSRV_BKP_ONLINE_DB_BACKUP
— сақтық көшірме жасау кезінде басқару серверінің кідіріс уақытын жояды. Тек келесі ДҚБЖ-лар үшін қолжетімді:KLSRV_BKP_ONLINE_DB_BACKUP
жалаушасын қосқанда, SQL серверінің ДҚБЖ-сы толық қалпына келтіру үлгісіне автоматты түрде ауысады.Мысалы:
klscflag.exe -fset -pv klserver -n KLSRV_BKP_ONLINE_DB_BACKUP -t d -v 1