Оқиғаларды CEF немесе LEEF форматына түрлендіру

Оқиғаларды SIEM жүйесіне (QRadar, ArcSight немесе Splunk) жібермей тұрып, siem_conversion_rules.xml файлында көрсетілген ережелерді пайдалану арқылы Kaspersky Security Center оқиғаларын CEF және LEEF форматындағы оқиғаларға интерпретациялау қажет. Бұл файл Kaspersky Security Center тарату жиынтығының құрамына кіреді.

siem_conversion_rules.xml файлында оқиғаларды CEF және LEEF форматына түрлендіру үшін алдын ала анықталған интерпретациялау ережелері бар. Оқиғаларды интерпретациялаудың қосымша ережелерін пайдаланғыңыз келсе, оларды файлға қолмен қосуға болады.

siem_conversion_rules.xml файлы <product name="SP_QRADAR" vendor="IBM"> және <product name="SP_QRADAR" vendor="IBM"> бөлімдерін қамтиды. <product name="SP_QRADAR" vendor="IBM"> бөлімінде оқиғаларды LEEF форматында жасау ережелері бар, оны QRadar SIEM жүйесіне экспорттауға болады. <product name="SP_ARCSIGHT" vendor="HP"> бөлімінде оқиғаларды CEF форматында жасауға арналған ережелер бар, оны ArcSight немесе Splunk SIEM жүйесіне экспорттауға болады.

Әрбір бөлімде <common> ішкі бөлімі бар, ол жерде Kaspersky Security Center оқиға атрибуттары және оқиғалардың LEEF форматындағы тиісті атрибуттары орналасқан. Бұл жалпы атрибуттар экспортталатын оқиғалардың барлық түрі үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ әрбір бөлімде <event> ішкі бөлімдері бар. Әрбір <event> ішкі бөлімінде <common> бөліміндегіге қосылатын қосымша атрибуттар бар.

siem_conversion_rules.xml файлына жаңа оқиғаны жасау ережесін қолмен қосуға болады.

Жаңа оқиғаны жасау ережесін қосу үшін:

  1. <product name="SP_QRADAR" vendor="IBM"> немесе <product name="SP_QRADAR" vendor="IBM"> бөліміне жаңа <event> ішкі бөлімін қосыңыз, содан кейін қажет болса, қосымша оқиға атрибуттарын көрсетіңіз.
  2. Оқиға тек жалпы төлсипаттардан тұрса,<event> ішкі бөлімі бос болады.

siem_conversion_rules.xml

<conversion_rules>

<product name="SP_QRADAR" vendor="IBM">

<common> <!-- Common Kaspersky Security Center event attributes and corresponding LEEF event attributes -->

<param name="KLSPLG_HOST_DISP_NAME" type="STRING_T">

<attr name="EVC_EV_DISP_HOST_NAME" type="AT_STRING" limit="255"/>

</param>

...

</common>

<event id="GNRL_EV_VIRUS_FOUND"> <!-- Generation rule for the GNRL_EV_VIRUS_FOUND event with additional attributes -->

<param name="GNRL_EA_PARAM_1" type="STRING_T">

<attr name="EVC_EV_SHA256" type="AT_STRING" limit="255"/>

</param>

...

</event>

...

</product>

<product name="SP_ARCSIGHT" vendor="HP">

<common> <!-- Common Kaspersky Security Center event attributes and corresponding LEEF event attributes -->

<param name="KLSPLG_HOST_DISP_NAME" type="STRING_T">

<attr name="dhost" type="AT_STRING" limit="1023"/>

</param>

...

</common>

<event id="GNRL_EV_VIRUS_FOUND">

<param name="GNRL_EA_PARAM_1" type="STRING_T">

<attr name="cs4" type="AT_STRING" limit="255"/>

<attr name="cs4Label" type="AT_STRING" val="SHA256"/>

</param>

...

</product>

</conversion_rules>

Басына оралу