klscmodchk және integrity_checker утилиталарын пайдалану арқылы модульдердің тұтастығын тексеру

Kaspersky Security Center Linux құрамында динамикалық түрде байланысқан кітапханалар, орындалатын файлдар, конфигурация файлдары және интерфейс файлдары түріндегі бірнеше екілік модуль бар. Зиянкестер бір немесе бірнеше орындалатын модульді немесе қолданба файлдарын зиянды кодты қамтитын басқа файлдармен ауыстыруы мүмкін. Модуль мен файлдарды ауыстыруға жол бермеу үшін Kaspersky Security Center Linux жүйесі klscmodchk және integrity_checker утилиталарын пайдалану арқылы құрамдас тұтастығының тексерісін қамтамасыз етеді. Бұл утилиталар модульдер мен файлдарда рұқсат етілмеген өзгерістер мен зақымның бар-жоғын тексереді. Модульде немесе қолданба файлында қате тексеру сомасы болса, ол зақымдалған болып саналады.

Klscmodchk утилитасы келесі Kaspersky Security Center құрамдастарының тұтастығын тексереді:

Integrity_checker утилитасы келесі Kaspersky Security Center құрамдастарының тұтастығын тексереді:

Екі утилита да Kaspersky Security Center құрылымының бір бөлігі болатын және орнату қалтасында орналасқан kl_file_integrity_manifest.xml манифест файлының негізінде модуль тұтастығын тексереді. Құрамдастың манифест файлында тұтастығы Kaspersky Security Center құрамдасының дұрыс жұмыс істеуі үшін маңызды файлдар бар. Манифест файлдарының тұтастығы да тексеріледі.

Kl_file_integrity_manifest.xml манифест файлын өзгерту ұсынылмайды, себебі бұл сандық қолтаңбаны жарамсыз қылады және тұтастықты тексеру сәтсіз аяқталады.

Kaspersky Security Center құрамдасының тұтастығын тексеру үшін келесі пәрмендердің бірін орындаңыз:

Әрбір манифест файлын тексеру нәтижесі манифест файлы атауының жанында келесі форматта көрсетіледі:

Сондай-ақ қолданбаны іске қосқан кезде автоматты түрде іске қосылуы үшін, тұтастық тексерістерін конфигурациялауға болады. Тұтастықты автоматты түрде тексеру әдепкісінше өшірілген болады.

Тұтастықты автоматты түрде тексеруді қосу үшін:

  1. Басқару сервері орнатылған құрылғыда Windows пәрмен жолына келесі пәрменді енгізіңіз:

    klscflag.exe -fset -pv klserver -n KLMODCHK_ENABLE_CHECKING -t d -v 1

  2. Құрылғыны өшіріп қосыңыз.

Тұтастықты автоматты түрде тексеру қосылды.

Kaspersky Security Center келесіде іске қосылғанда, klscmodchk утилитасы басқару серверімен бірге іске қосылады және модульдердің тұтастығын тексеруді бастайды. Тұтастықты тексеру нәтижесі Kaspersky Event журналына жазылады.

Басына оралу