Басқару сервері ICMP пакеттері немесе NBNS протоколдары арқылы көрсетілген IP ауқымдарына сауалнама жүргізеді және IP ауқымдарына кіретін құрылғылар туралы толық ақпарат алады. Сауалнаманың бұл түрі әдепкі бойынша өшірілген. Егер сіз Windows желісінің сауалнамасын және/немесе Active Directory сауалнамасын қолдансаңыз, сауалнаманың бұл түрін пайдалану ұсынылмайды.
Желіде сауалнама өткізуді бастамас бұрын SMB протоколының қосылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, Kaspersky Security Center бағдарламасы сауалнама өткізілетін желідегі құрылғыларды анықтай алмайды. SMB протоколын қосу үшін операциялық жүйеге арналған нұсқауларды орындаңыз.
IP ауқымдарының сауалнамасы параметрлерін көру және өзгерту
IP ауқымы топтарының сауалнамасы параметрлерін көру және өзгерту үшін:
Құрылғыны табу қалтасындағы консоль шежіресінен IP ауқымдары салынған қалтасын таңдаңыз.
Сіз Қазір сауалнама өткізу түймесі арқылы Құрылғыны табу қалтасынан Тағайындалмаған құрылғылар қалтасына ауыса аласыз.
Қаласаңыз, сауалнама үшін IP ауқымын қосу үшін IP ауқымдары ішкі қалтасында Қосалқы желіні қосу түймесін, содан соң ОК түймесін басыңыз.
Әдепкі бойынша, бұл нұсқа таңдалмаған. Егер сіз Windows желісінің сауалнамасын және/немесе Active Directory сауалнамасын қолдансаңыз, сауалнаманың бұл түрін пайдалану ұсынылмайды.
Басқару сервері өшірулі болса немесе сауалнама жоспарланған уақыт ішінде қолжетімді болмаса, Басқару сервері сауалнаманы қосқаннан кейін бірден бастай алады немесе келесі жоспарланған сауалнаманы күте алады.
Егер бұл параметр қосулы болса, Басқару сервері сауалнаманы қосқаннан кейін бірден бастайды.
Егер бұл параметр өшірулі болса, Басқару сервері келесі жоспарланған сауалнаманы күтеді.
Әдепкі бойынша, параметр қосулы.
Желіде сауалнама өткізуді бірден іске қосу қажет болса, Қазір сауалнама өткізу түймесін басыңыз. Бұл түйме, тек IP ауқымы бойынша сауалнама өткізуді қосу параметрі таңдалса ғана қолжетімді болады.
Виртуалды Басқару серверінде IP ауқымдарының сауалнамасы параметрлерін қарау және өзгерту әрекеттері тарату нүктесінің сипаттары терезесінде, Құрылғыны табу бөлімінде жүзеге асырылады. IP ауқымдарының сауалнамасы нәтижесінде табылған клиент құрылғылары виртуалды Сервердің Домендер қалтасында көрсетіледі.