Электрондық пошта қойындысы оқиғаларға арналған электрондық хат хабарландыруларын конфигурациялауға мүмкіндік береді.
Алушылар (электрондық пошта мекенжайлары) өрісінде хабарландырулар жіберілетін электрондық пошта мекенжайларын көрсетіңіз. Бұл өрісте бірнеше мекенжайды нүктелі үтір арқылы көрсетуге болады.
SMTP серверлері өрісінде пошта серверлерінің мекенжайларын нүктелі үтір арқылы көрсетіңіз. Келесі параметр мәндерін пайдалануыңызға болады:
- IPv4 мекенжайы немесе IPv6 мекенжайы;
- Windows желісіндегі құрылғының атауы (NetBIOS атауы);
- SMTP сервері DNS атауы.
SMTP серверінің порты өрісінде SMTP серверіне қосылу портының нөмірін көрсетіңіз. Әдепкі бойынша 25-порт орнатылған.
DNS MX іздеуін пайдалану параметрін қоссаңыз, SMTP серверінің бірдей DNS атауы үшін IP мекенжайының бірнеше МХ жазбасын қолдана аласыз. Бір DNS атауында, алынған электрондық пошталардың әртүрлі басымдықтары бар бірнеше MX жазбалары болуы мүмкін. Басқару сервері MX жазбаларының басымдылығының өсуі ретімен SMTP серверіне электрондық пошта бойынша хабарландырулар жіберуге тырысады. Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
DNS MX іздеуін пайдалану параметрін қосып, TLS параметрін қолдануға рұқсат бермесеңіз, онда хабарландыруларды электрондық пошта бойынша жіберу кезінде қосымша қорғаныс шарасы ретінде сіздің серверлік құрылғыңызда DNSSEC параметрлерін қолдану ұсынылады.
Қосымша параметрлерді белгілеу үшін Параметрлер сілтемесінен өтіңіз:
- Тақырып (электрондық пошта тақырыбының атауы).
- Электрондық пошта жіберушінің мекенжайы.
- ESMTP аутентификациясы параметрлері.
SMTP сервері үшін ESMTP аутентификациясы параметрі қосылған болса, SMTP серверінде түпнұсқалық растама үшін есептік жазбаны көрсету керек.
- SMTP сервері үшін TLS параметрлері:
Электрондық пошта хабарларын шифрлауды өшіргіңіз келсе, осы параметрді таңдауға болады.
- SMTP сервері қолдаса, TLS қолдану
SMTP серверіне қосылу үшін TLS пайдаланғыңыз келсе, бұл параметрді таңдауға болады. Егер SMTP сервері TLS қолдамаса, Басқару сервері SMTP серверін TLS қолданбай қосады.
- Әрқашан TLS пайдалану, Сервер сертификатының жарамдылық мерзімін тексеру
TLS түпнұсқалық растамасы параметрлерін пайдаланғыңыз келсе, осы параметрді таңдауға болады. Егер SMTP сервері TLS қолдамаса, Басқару сервері SMTP серверіне қосыла алмайды.
Бұл параметрді SMTP серверімен қосылымды қорғау үшін пайдалану ұсынылады. Осы параметрді таңдасаңыз, TLS қосылымы үшін түпнұсқалық растама параметрлерін орната аласыз.
Әрқашан TLS пайдалану, Сервер сертификатының жарамдылық мерзімін тексеру үшін мәнін қолдануды ұйғарсаңыз, сіз SMTP серверінің түпнұсқалық растамасы үшін сертификатты көрсетіп, кез келген TLS нұсқасы арқылы немесе тек TLS 1.2 не одан кейінгі нұсқалары арқылы қосылуға рұқсат бергіңіз келетінін таңдай аласыз. Сондай-ақ, SMTP серверінде клиенттің түпнұсқалық растамасы үшін сертификатты көрсете аласыз.
SMTP сервері үшін TLS параметрлерін көрсетуіңізге болады:
- SMTP серверінің сертификаты файлын таңдаңыз:
Сіз сенімді сертификаттау орталығынан сертификаттар тізімі бар файлды ала аласыз және оны Басқару серверіне жүктей аласыз. Kaspersky Security Center бағдарламасы SMTP серверінің сертификатына сенімді сертификаттау орталығы қол қойғанын тексереді. SMTP серверінің сертификаты сенімді сертификаттау орталығынан алынбаса, Kaspersky Security Center бағдарламасы SMTP серверіне қосыла алмайды.
- Клиент сертификаты файлын таңдаңыз:
Сіз кез келген көзден, мысалы, кез келген сенімді сертификаттау орталығынан алынған сертификатты пайдалана аласыз. Сертификаттың келесі түрлерінің бірін пайдаланып, сертификат пен оның жеке кілтін көрсетуіңіз қажет:
Сертификаты бар файлды және жеке кілт файлын көрсетуіңіз қажет. Екі файл да бір-біріне тәуелді емес және файлдарды жүктеу реті маңызды емес. Екі файл да жүктелген кезде жеке кілттің шифрсыздау үшін құпиясөзді көрсету керек. Жеке кілт шифрланбаған болса, құпиясөздің мәні бос болуы мүмкін.
- PKCS#12 пішіміндегі сертификаты бар контейнер:
Сертификат пен сертификаттың жеке кілті бар бір файлды жүктеуіңіз қажет. Файл жүктелген кезде, жеке кілттің шифрсыздау үшін құпиясөзді көрсету керек. Жеке кілт шифрланбаған болса, құпиясөздің мәні бос болуы мүмкін.
Хабарландыру хабары өрісінде, оқиға туындаған кезде бағдарлама жіберетін оқиға туралы хабарландырудың стандартты мәтіні қамтылған. Мәтінде оқиғаның атауы, құрылғының атауы және доменнің атауы сияқты алмастырылатын параметрлер бар. Хабар мәтінін, оқиғаның егжей-тегжейлі деректері бар жаңа алмастырылатын параметрлерді қосу арқылы өзгертуге болады. Алмастырылатын параметрлер тізімі өрістің оң жағындағы түймені басу арқылы қолжетімді.
Хабарландыру мәтінінде пайыз белгішесі (%) болса, хабар жіберілуі үшін, осы пайыз белгішесін қатарынан екі рет көрсету керек. Мысалы, "Орталық процессор жүктемесі 100%%".
Хабарландырулар санының шегін конфигурациялау сілтемесінен өтіп, бағдарлама көрсетілген уақыт аралығында жібере алатын хабарландырулардың ең көп санын көрсетуге болады.
Хабарлардың дұрыс конфигурацияланғанын тексеру үшін Тексеру хабарын жіберу түймесін басыңыз. Бағдарлама көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына мәтіндік хабарлар жібереді.