Браузерде JavaScript қосыңыз!
Таңдаудағы басқару топтарынан құрылғыларды жою
Құрылғы үлгісімен жұмыс істегенде, құрылғыларды жою қажет басқару топтарымен жұмыс істеуге өтпей-ақ, құрылғыларды басқару топтарынан тікелей таңдаудың өзінде жоюға болады.
Басқару топтарынан құрылғыларды жою үшін:
Консоль ағашында Құрылғы таңдаулары қалтасын таңдаңыз.
Жойылуы қажет құрылғыларды Shift немесе Ctrl пернелерінің көмегімен таңдаңыз.
Таңдалған құрылғыларды басқару топтарынан келесі тәсілдердің бірімен жойыңыз:
Бөлектелген құрылғылардың кез келгенінің контекстік мәзірінен Жою тармағын таңдаңыз.
Әрекетті орындау түймесін басыңыз да, ашылатын тізімнен Топтан жою мәнін таңдаңыз.
Нәтижесінде, таңдалған құрылғылар өздері кіретін басқару топтарынан жойылады.
Басына оралу