Қолданбаны таңдалған құрылғыларға орнату үшін:
Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.
Жаңа тапсырма жасау шеберінің Тапсырма түрін таңдау терезесінде, Kaspersky Security Center Басқару сервері түйінінде Бағдарламаны қашықтан орнату тапсырма түрін таңдаңыз.
Жаңа тапсырма жасау шебері жұмысының нәтижесінде таңдалған құрылғылар жиынтығы үшін таңдалған бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасы жасалады. Жасалған тапсырма Тапсырмалар қалтасының жұмыс аймағында көрсетіледі.
Қашықтан орнату тапсырмасын орындау нәтижесінде таңдалған бағдарлама таңдалған құрылғыларға орнатылады.
Басына оралу