Келесі бөлімде жаңартуға дайындалу үшін ұсынылған қадамдар сипатталады: Kaspersky Security Center және басқарылатын қауіпсіздік бағдарламаларын жаңарту.
Басқару серверінің алдыңғы нұсқасы орнатылған құрылғыға басқару серверінің 15.1 нұсқасын орнатуға болады (11 (11.0.0.1131b) нұсқасынан бастап). 15.1 нұсқасына дейін жаңарту кезінде Басқару серверінің алдыңғы нұсқасының барлық деректері мен параметрлері сақталады.
Басқару серверін орнату кезінде қиындықтар туындаса, жаңарту алдында жасалған Сервер деректерінің сақтық көшірмесін пайдаланып Басқару серверінің алдыңғы нұсқасын қалпына келтіруге болады.
Егер желіде Басқару серверінің кем дегенде бір жаңа нұсқасы орнатылған болса, сіз желідегі басқа Басқару серверлерін Басқару серверінің орнату пакетін пайдаланатын қашықтан орнату тапсырмасы арқылы жаңарта аласыз.
Ақауларға төзімді Kaspersky Security Center кластерін орналастырған болсаңыз, оның түйіндерінде Kaspersky Security Center жаңартуға да болады.
Басқару серверін алдыңғы нұсқадан 15.1-нұсқаға дейін жаңарту үшін:
Бағдарламаны орнату келесі екі жалаушаны қойғаннан кейін жалғасады. Орнату шебері сізге ерте нұсқалар үшін Басқару сервері деректерінің сақтық көшірмесін жасауды ұсынады.
Kaspersky Security Center бағдарламасы Басқару серверінің бұрынғы нұсқасы жасаған сақтық көшірмеден деректерді қалпына келтіруді қолдайды.
Деректердің сақтық көшірмесін klbackup утилитасы жасайды. Бұл утилита бағдарламаның дистрибутиві құрамына кіреді және Kaspersky Security Center орнату қалтасы түбірінде орналасады.
Егер Kaspersky Security Center Web Console қызметі бос емес екендігі туралы хабар пайда болса, шебер терезесінде Елемеу түймесін басыңыз.
Орнату шеберінің жұмысын тоқтату ұсынылмайды. Басқару серверін орнату сатысында жаңарту процесін тоқтату Kaspersky Security Center жаңа нұсқасының жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Linux үшін Желілік агентті Kaspersky Security Center нұсқасымен бірдей нұсқаға жаңарту ұсынылады.
Қашықтан орнату тапсырмасын орындағаннан кейін Желілік агент нұсқасы жаңартылды.