iOS MDM құрылғыларын басқаруға арналған топтық саясаттар туралы
iOS MDM құрылғыларын басқару үшін сіз Kaspersky Security Center бағдарламасының жеткізу жиынтығына кіретін Kaspersky Device Management for iOS басқару плагинін қолдана аласыз. Kaspersky Device Management for iOS басқару плагині, iPhone Configuration Utility пайдаланбай, iOS MDM құрылғыларының конфигурациялық параметрлерін конфигурациялау үшін топтық саясаттарды жасауға мүмкіндік береді.
iOS MDM құрылғыларын басқаруға арналған топтық саясаттар әкімшіге келесі мүмкіндіктер береді:
құрылғыда құпиясөзді қолданудың қауіпсіздік параметрлерін конфигурациялау;
құрылғының аппараттық функцияларын қолдануға қойылатын шектеулерді, сондай-ақ ұялы құрылғыларды орнатуға, жоюға қойылатын шектеулерді конфигурациялау;
құрылғыда кіріктірілген ұялы қолданбаларды, мысалы, YouTube™, iTunes Store немесе Safari қолдану үшін шектеулерді конфигурациялау;
құрылғының орналасқан өңірі бойынша медиаконтентті (мысалы, фильмдер және тв-шоу) қарауға қойылатын шектеулерді конфигурациялау;
құрылғыны интернетке прокси-сервер арқылы қосу параметрлерін конфигурациялау (Глобалды HTTP-прокси);
пайдаланушы корпоративтік бағдарламалар мен сервистерге қатынасу мүмкіндігіне ие бола алатын (бірыңғай кіру) бірыңғай есептік жазба параметрлерін конфигурациялау;
ұялы құрылғыларда интернеттің қолданылуын бақылау (веб-сайттарға кіру);
әртүрлі түпнұсқалық растама тетіктері мен желілік протоколдарды қолдану арқылы сымсыз желілердің (Wi-Fi), қатынасу нүктелерінің (APN), виртуалды жеке желілердің (VPN) параметрлерін конфигурациялау;
фотосуреттер, музыка және бейнені ағынмен жіберу үшін AirPlay құрылғыларына қосылу параметрлерін конфигурациялау;
құрылғыдағы құжаттарды сымсыз тәсілмен басып шығару үшін AirPrint™ принтерлеріне қосылу параметрлерін конфигурациялау;
Microsoft Exchange серверімен синхрондау параметрлерін, сондай-ақ құрылғыларда корпоративтік поштаны қолдану үшін пайдаланушылардың есептік жазбаларын конфигурациялау;
LDAP каталогтар қызметімен синхрондау үшін пайдаланушының есептік жазбаларын конфигурациялау;
CalDAV және CardDAV сервистеріне қосылу үшін пайдаланушының есептік жазбаларын конфигурациялау, соның арқасында пайдаланушы корпоративтік күнтізбелер мен контактілер тізімін пайдалана алады;
пайдаланушы құрылғысында iOS интерфейсінің параметрлерін конфигурациялау, мысалы, таңдаулы веб-сайттарға арналған қаріптер немесе белгішелер;
құрылғыға жаңа қауіпсіздік сертификаттарын қосу;
құрылғының Сертификаттау орталығынан сертификаттарды автоматты түрде алуы үшін SCEP сервері (Simple Certificate Enrollment Protocol) параметрлерін конфигурациялау;
ұялы қолданбалардың жұмыс істеуі үшін өзіндік параметрлерді қосу.
iOS MDM құрылғысын басқару саясаты, iOS MDM серверін (бұдан әрі «Ұялы құрылғылар сервері» деп аталады) қамтитын басқару тобына тағайындалуымен ерекшеленеді. Осы саясатта белгіленген барлық параметрлер, алдымен Ұялы құрылғылар серверіне, содан кейін сол сервер басқаратын ұялы құрылғыларға таратылады. Басқару топтарының иерархиялық құрылымын қолданған жағдайда, ұялы құрылғылардың қосалқы серверлері ұялы құрылғылардың басты серверлерінен саясат параметрлерін алады және оларды ұялы құрылғыларға таратады.
Kaspersky Security Center Басқару консолі арқылы iOS MDM құрылғыларын басқару үшін топтық саясатты пайдалану туралы қосымша ақпаратты Kaspersky Security for Mobile анықтамасынан қараңыз.