Kaspersky Endpoint Security for Android орнатылған ұялы құрылғыларын басқару
Kaspersky Endpoint Security for Android орнатылған (бұдан әрі KES құрылғылары) ұялы құрылғыларды басқару Басқару сервері арқылы жүргізіледі. Kaspersky Security Center KES құрылғыларды басқарудың келесі мүмкіндіктеріне қолдау көрсетеді:
Ұялы құрылғылармен клиент құрылғысына ұқсас жұмыс істеу:
Басқару топтарына мүшелік
Мониторинг, мысалы күйлерді, оқиғаларды және есептерді қарау
Жергілікті параметрлерді өзгерту және Android үшін Kaspersky Endpoint Security қолданбасына арналған саясаттарды тағайындау
Пәрмендерді орталықтандырылған жіберу
Ұялы қолданбалар пакетін қашықтан орнату
Басқару сервері KES құрылғыларды TLS протоколы, 13292 TCP-порты арқылы басқарады.