Оқиғаларды конфигурациялау бөліміндегі саясатты конфигурациялау
Оқиғаларды конфигурациялау бөлімінде төменде аталған оқиғалардан басқа, барлық оқиғаларды Басқару серверінде сақтауды сөндіру керек:
- Критикалық оқиға қойындысында:
- Бағдарламаны автоматты түрде іске қосу өшірулі.
- Қатынасуға тыйым салынған.
- Бағдарламаны іске қосуға тыйым салынған.
- Зарарсыздандыру мүмкін емес.
- Лицензиялық келісім бұзылған.
- Шифрлау модулін жүктеу мүмкін болмады.
- Бір уақытта екі тапсырманы орындау мүмкін емес.
- Белсенді қауіп анықталды. Белсенді жұқтыруды зарарсыздандыру процедурасын іске қосу керек.
- Желілік шабуыл анықталды.
- Кейбір құрамдастар жаңартылмаған.
- Белсендіру қатесі.
- Ықшам режимді белсендіру қатесі.
- Kaspersky Security Center-мен өзара әрекеттесу қатесі.
- Ықшам режимді өшіру қатесі.
- Бағдарлама құрамдастарын өзгерту кезіндегі қате.
- Файлдарды шифрлау / шифрсыздау ережелерін қолдану қатесі.
- Саясатты қолдану мүмкін емес.
- Процесс аяқталды.
- Желілік белсенділікке тыйым салынған.
- Функционалдық ақау қойындысында: Тапсырманың қате параметрлері. Тапсырманың параметрлері қолданылмаған.
- Ескерту қойындысында:
- Бағдарламаның өзіндік қорғанысы өшірулі.
- Резервттегі лицензиялық кілт жарамсыз.
- Пайдаланушы шифрлау саясатынан бас тартты.
- Ақпараттық хабар қойындысында: Бағдарламаны іске қосу сынақ режимінде тыйым салынған.
Басына оралу