Басқару сервері мен Желілік агенттің инсталляторларында, пайдаланушының қатысуынсыз тыныш режимде орнатуға арналған параметрлер жазылған жауаптар файлымен (ss_install.xml) жұмыс істеу мүмкіндігі іске асырылған. ss_install.xml файлы MSI пакетімен бір қалтада орналасқан және тыныш режимде орнату кезінде автоматты түрде қолданылады. Сіз "/s" пәрмен жолының кілті арқылы автоматты түрде орнату режимін қоса аласыз.
Іске қосу мысалы:
setup.exe /s |
Орнатушы бағдарламасын тыныш режимде іске қоспас бұрын, Лицензиялық келісімді оқып шығыңыз. Kaspersky Security Center дистрибутиві құрамына Лицензиялық келісім мәтіні бар TXT файлы кірмесе, бұл файлды Kaspersky сайтынан жүктеп алуға болады.
ss_install.xml файлы Kaspersky Security Center инсталляторы параметрлерінің ішкі пішімі болып табылады. Дистрибутивтер құрамында әдепкі бойынша параметрлері бар ss_install.xml файлы жеткізіледі.
ss_install.xml файлын қолмен өзгертудің қажеті жоқ. Бұл файл, Басқару консоліндегі орнату пакеттерінің параметрлерін өзгерту кезінде Kaspersky Security Center құралдарымен өзгертіледі.
Басқару серверін орнату үшін жауап файлын өзгерту үшін:
setup.exe /r ss_install.xml |
Kaspersky Security Center орнату бағдарламасы іске қосылады.
Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, жауаптар файлы сіз көрсеткен жаңа параметрлерге сай автоматты түрде өзгертіледі.