Есептерді жеткізу тапсырмасын жасау

Таңдалған есептерді жеткізу тапсырмасын жасауға болады.

Есептерді жеткізу тапсырмасын жасау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Бақылау және есеп беру → Есептер бөліміне өтіңіз.
  2. [Міндетті емес] Есептерді жеткізу тапсырмасын жасағыңыз келетін есеп үлгілерінің жанына жалаушаларды қойыңыз.
  3. Жаңа есепті жеткізу тапсырмасы түймесін басыңыз.
  4. Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.
  5. Шебердің бірінші бетінде тапсырманың атын көрсетіңіз. Әдепкі бойынша Есептерді жеткізу (<N>) атауы қолданылады, мұндағы <N> – тапсырманың реттік нөмірі.
  6. Шебердегі тапсырма параметрлері бетінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    1. Тапсырма арқылы жіберілетін есеп үлгілері. Егер сіз оларды 2-қадамда таңдаған болсаңыз, бұл қадамды өткізіп жіберіңіз.
    2. Есеп пішімі: HTML, XLS немесе PDF.

      wkhtmltopdf құралы есепті PDF пішіміне түрлендіру үшін қажет. PDF параметрі таңдалғанда, Басқару сервері wkhtmltopdf утилитасы құрылғыда орнатылғанын тексереді. Құрал орнатылмаған болса, бағдарлама оны Басқару серверінде орнату қажет екендігі туралы хабарламаны көрсетеді. Құралды қолмен орнатып, келесі қадамға өтіңіз.

    3. Есептер электрондық пошта арқылы жіберіле ме, сондай-ақ пошта хабарландыруларының параметрлері.
    4. Есептерді сәйкес параметрлермен бірге қалтаға сақтау қажеттігі.

      Қалтаға есептерді сақтау опциясын қосқаннан кейін, қалтаға апаратын POSIX жолын көрсетуіңіз керек. Есептерді ортақ қалтаға сақтағыңыз келсе, Ортақ қалтаға қатынасу үшін есептік жазбаны белгілеу құсбелгі ұяшығын таңдап, сол қалтаға кіруге арналған пайдаланушы есептік жазбасы мен құпиясөзін де көрсетуіңіз керек.

      Есептерді ортақ қалтаға сақтауды таңдасаңыз, басқару сервері орнатылған құрылғыдан осы қалтаға кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуіңіз керек. Қол жеткізуді қамтамасыз ету жолдары мен қолданылатын құралдар инфрақұрылымыңызға байланысты.

      Есептерді жергілікті қалтаға сақтаған кезде әдетте кіру деректері қажет емес, себебі басқару сервері іске қосылған есептік жазбада сол қалтаға кіру рұқсаты болады. Қажет болса, шебердің Тапсырманы іске қосу үшін есептік жазбаны таңдау қадамында пайдаланушының кіру деректерін көрсете аласыз.

      Қалта таңдауына қарамастан, жаңа есеп файлының алдыңғы тапсырманы іске қосқан кезде есептер қалтасына сақталған файлдың үстінен жазылғанын қаласаңыз, Бір түрдегі бұрынғы есептердің үстінен жазу құсбелгі ұяшығын таңдай аласыз.

  7. Тапсырманы жасағаннан кейін, оның басқа параметрлерін өзгерту қажет болса, шебердегі Тапсырманы жасауды аяқтау бетінде Жасап болған соң, тапсырма туралы мәліметтерді ашу параметрін қосыңыз.
  8. Тапсырма жасау және шеберді жабу үшін Жасау түймесін басыңыз.

    Есепті жіберу тапсырмасы жасалады. Жасап болған соң, тапсырма туралы мәліметтерді ашу параметрі қосулы болса, тапсырма параметрлері терезесі ашылады.

Басына оралу