Kaspersky Security Center 14.2 Linux
[Topic 166115]

Құрылғы тегтері туралы

Kaspersky Security Center Linux құрылғыларға тегтерді тағайындауға мүмкіндік береді. Тег дегеніміз – құрылғыларды топтау, сипаттау, іздеу үшін пайдалануға болатын құрылғы идентификаторы. Құрылғыларға тағайындалған тегтер, құрылғылар іріктемесін жасау, құрылғыларды іздеу және құрылғыларды басқару топтары бойынша бөлу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Тегтерді құрылғыларға қолмен немесе автоматты түрде тағайындауға болады. Бөлек құрылғыларды белгілеу қажет болса, тегтерді қолмен тағайындауға болады. Тегтерді автоматты түрде тағайындау, белгіленген тегтерді тағайындау ережелеріне сәйкес Kaspersky Security Center Linux тарапынан орындалады.

Құрылғыларға тегтерді автоматты түрде тағайындау, белгілі бір ережелерді орындау кезінде жүзеге асырылады. Әрбір тегке бөлек ереже сай келеді. Ережелер құрылғының желілік сипаттарына, операциялық жүйеге, құрылғыда орнатылған бағдарламаларға және құрылғының басқа да сипаттарына қатысты қолданылуы мүмкін. Мысалы, CentOS операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға [CentOS] тегін тағайындайтын ережені конфигурациялауыңызға болады. Содан соң, CentOS операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін барлық құрылғыларды таңдау және оларға тапсырма тағайындау үшін, осы тегті құрылғы таңдауларын жасау кезінде қолдануға болады.

Тег келесі жағдайларда құрылғыдан автоматты түрде жойылады:

  • Құрылғы тегті белгілеу ережелерінің шарттарын қанағаттандыруды тоқтатады.
  • Тегті белгілеу ережесі өшірулі немесе қосулы.

Әрбір Басқару серверіне арналған тегтер мен ережелер тізімдері барлық Басқару серверлері, соның ішінде негізгі Басқару сервері және қосалқы виртуалды Басқару серверлері үшін тәуелсіз болып саналады. Ереже тек өзі жасалған Басқару серверінің басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға ғана қолданылады.

Басына оралу
[Topic 175848]

Құрылғы тегтерін жасау

Құрылғының тегін жасау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ҚұрылғыларТегтерҚұрылғы тегтері бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Тег жасау терезесі көрсетіледі.

  3. Тег өрісінде тег атауын енгізіңіз.
  4. Өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Жаңа жасалған тег құрылғы тегтерінің тізімінде пайда болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу
[Topic 175850]

Құрылғы тегтерін өзгерту

Құрылғының тегін қайта атау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ҚұрылғыларТегтерҚұрылғы тегтері бөліміне өтіңіз.
  2. Қайта атау қажет болған тегті бөлектеңіз.

    Тегтің сипаттары терезесі ашылады.

  3. Тег өрісінде тегтің атауын өзгертіңіз.
  4. Өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Жаңартылған тег құрылғы тегтері тізімінде пайда болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу
[Topic 175855]

Құрылғы тегтерін жою

Құрылғы тегтерін жою үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ҚұрылғыларТегтерҚұрылғы тегтері бөліміне өтіңіз.
  2. Тізімнен жойғыңыз келетін құрылғы тегтерін таңдаңыз.
  3. Жою түймесін басыңыз.
  4. Пайда болған терезеде Иә түймесін басыңыз.

Құрылғының таңдалған тегі жойылды. Жойылған тег, ол тағайындалған барлық құрылғылардан автоматты түрде алынып тасталады.

Сіз жойған тег, автоматты түрде тег қою ережелерінен автоматты түрде жойылмайды. Тегті жойғаннан кейін, ол құрылғының параметрлері тегтерді белгілеу ережелерінің шарттарына бірінші рет сай келген кезде жаңа құрылғыға тағайындалатын болады.

Егер бұл тег құрылғыға бағдарлама немесе Желілік агент арқылы тағайындалса, жойылған тег құрылғыдан автоматты түрде жойылмайды. Құрылғыдан тегті жою үшін klscflag утилитасын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу
[Topic 175856]

Тег тағайындалған құрылғыларды қарап шығу

Тегтері тағайындалған құрылғыларды қарап шығу үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ҚұрылғыларТегтерҚұрылғы тегтері бөліміне өтіңіз.
  2. Тағайындалған құрылғылар тізімін қарағыңыз келетін құрылғы үшін тег атауының жанындағы Құрылғыларды көру сілтемесінен өтіңіз.

Құрылғылар тізімінде тек тегтер тағайындалған құрылғылар көрсетіледі.

Құрылғы тегтерінің тізіміне оралу үшін браузердегі Артқа түймесін басыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу
[Topic 175859]

Құрылғыға тағайындалған тегтерді қарап шығу

Құрылғыға тағайындалған тегтерді қарап шығу үшін:

  1. Негізгі мәзірде Құрылғылар → Басқарылатын құрылғылар тармағына өтіңіз.
  2. Тегтерін қарап шығу қажет құрылғыны таңдаңыз.
  3. Ашылған құрылғы сипаттары терезесінде Тегтер қойыншасын таңдаңыз.

Таңдалған құрылғыға тағайындалған тегтер тізімі көрсетіледі. Тег белгіленді бағанында тегтің қалай тағайындалғанын көруге болады.

Құрылғыға басқа тег тағайындауға немесе бұрын тағайындалған тегті жоюға болады. Сондай-ақ, Басқару серверінде бар барлық құрылғы тегтерін қарап шығуға болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу
[Topic 175862]

Құрылғыға тегтерді қолмен тағайындау

Құрылғыға тегті қолмен тағайындау үшін:

  1. Тег тағайындағыңыз келетін құрылғыға тағайындалған тегтерді қарап шығыңыз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.
  3. Ашылған терезеде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Жаңа тегті жасау және қосу үшін Жаңа тегті жасау тармағын таңдап, тег атауын көрсетіңіз.
    • Қолданыстағы тегті таңдау үшін, Бар тегті тағайындау тармағын таңдап, ашылмалы тізімнен қажетті тегті таңдаңыз.
  4. Өзгерістерді қолдану үшін OK түймесін басыңыз.
  5. Өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Таңдалған тег құрылғыға тағайындалады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу
[Topic 175860]

Тағайындалған тегті құрылғыдан жою

Құрылғыдан тағайындалған тегті алып тастау үшін:

  1. Негізгі мәзірде Құрылғылар → Басқарылатын құрылғылар тармағына өтіңіз.
  2. Тегтерін қарап шығу қажет құрылғыны таңдаңыз.
  3. Ашылған құрылғы сипаттары терезесінде Тегтер қойыншасын таңдаңыз.
  4. Алып тастау қажет тегке қарама қарсы жалауша қойыңыз.
  5. Тізімнің жоғарғы жағындағы Тегті белгілеуден бас тарту түймесін басыңыз.
  6. Пайда болған терезеде Иә түймесін басыңыз.

Тег құрылғыдан алып тасталады.

Құрылғыдан алынған тег жойылмайды. Қажет болса, оны қолмен жоюға болады.

Бағдарламалар немесе Желілік агент арқылы құрылғыға тағайындалған тегтерді қолмен жою мүмкін емес. Бұл тегтерді жою үшін klscflag утилитасын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу
[Topic 175861]

Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін қарап шығу

Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін қарап шығу үшін,

Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → ТегтерАвтоматты түрде тег қою ережелері бөліміне өтіңіз.
  • Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → ТегтерҚұрылғы тегтері, содан соң Автоматты түрде тег қою ережелерін орнату сілтемесінен өтіңіз.
  • Құрылғыға тағайындалған тегтерді қарауға өтіңіз және Параметрлер түймесін басыңыз.

Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелері тізімі көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу
[Topic 175849]

Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін өзгерту

Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін өзгерту үшін:

  1. Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін қарап шығыңыз.
  2. Өзгерту қажет ережені таңдаңыз.

    Ереже параметрлері бар терезе ашылады.

  3. Ереженің негізгі параметрлерін өзгертіңіз:
    1. Ереженің атауы өрісінде ереженің атауын өзгертіңіз.

      Атауы 256 таңбадан аспауы керек.

    2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
      • Қосқышты Ереже қосулы күйіне қойып, ережені қосыңыз.
      • Қосқышты Ереже өшірулі күйіне қойып, ережені өшіріңіз.
  4. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
  5. Шарт параметрлері терезесінде OK түймесін басыңыз.
  6. Өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Өзгертілген ереже тізімде көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу
[Topic 175967]

Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін жасау

Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін жасау үшін:

  1. Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін қарап шығыңыз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа ереже параметрлері бар терезе ашылады.

  3. Ереженің негізгі параметрлерін көрсетіңіз:
    1. Ереженің атауы өрісінде ереженің атауын енгізіңіз.

      Атауы 256 таңбадан аспауы керек.

    2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
      • Қосқышты Ереже қосулы күйіне қойып, ережені қосыңыз.
      • Қосқышты Ереже өшірулі күйіне қойып, ережені өшіріңіз.
    3. Тег өрісінде құрылғы тегінің жаңа атауын көрсетіңіз немесе тізімнен қолданыстағы құрылғы тегін таңдаңыз.

      Атауы 256 таңбадан аспауы керек.

  4. Шартты таңдау өрісінде, жаңа шартты қосу үшін Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа шарт параметрлері бар терезе ашылады.

  5. Шарттың атауын көрсетіңіз.

    Атауы 256 таңбадан аспауы керек. Шарттың атауы бір ереже шеңберінде бірегей болуы керек.

  6. Ереженің іске қосылуын келесі шарттар бойынша конфигурациялаңыз. Бірнеше шарт таңдауға болады.
    • Желі – құрылғының желілік сипаттары (мысалы, құрылғының DNS атауы немесе құрылғының IP ішкі желісіне жатуы).

      Kaspersky Security Center Linux үшін пайдаланып жатқан дерекқорда тіркелімді ескере отырып сұрыптау конфигурацияланған болса, құрылғының DNS атауын көрсеткенде тіркемді ескеріңіз. Әйтпесе, автоматты түрде тег қою ережелері жұмыс істемейді.

    • Бағдарламалар – құрылғыда Желілік агенттің болуы, операциялық жүйенің түрі, нұсқасы және архитектурасы.
    • Виртуалды машиналар – құрылғының виртуалды машиналардың белгілі бір түріне тиесілі болуы.
    • Бағдарламалар тізімдемесі – құрылғыда әртүрлі өндірушілердің бағдарламаларының болуы.
  7. Өзгерістерін сақтау үшін OK түймесін басыңыз.

    Қажет болса, бір ереже үшін бірнеше шарт белгілеуге болады. Бұл жағдайда, құрылғылар үшін шарттардың кемінде біреуі орындалса, тег оларға тағайындалады.

  8. Өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Жасалған ереже, таңдалған Басқару сервері басқаратын құрылғыларда орындалады. Құрылғы параметрлері ереженің шарттарына сәйкес келсе, бұл құрылғыға тег тағайындалады.

Алдағыда, ереже келесі жағдайларда қолданылады:

  • Сервердің жүктелуіне байланысты, автоматты түрде, үнемі.
  • Ережені өзгерткеннен кейін.
  • Ережені қолмен орындағаннан кейін.
  • Басқару сервері ереже шарттарына сәйкес келетін өзгерістерді құрылғы параметрлерінде немесе осы құрылғыны қамтитын топ параметрлерінде анықтағаннан кейін.

Сіз бірнеше тег тағайындау ережесін жасай аласыз. Бірнеше тег тағайындау ережесін жасаған болсаңыз және осы ережелердің шарттары бір уақытты орындалып жатса, бір құрылғыға бірнеше тег тағайындалуы мүмкін. Барлық тағайындалған тегтер тізімін құрылғының сипаттарында қарап шыға аласыз.

Басына оралу
[Topic 175878]

Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін орындау

Ереже орындалған кезде, осы ереженің сипаттарында көрсетілген тег ереженің сипаттарында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін құрылғыға тағайындалады. Тек белсенді ережелерді орындауға болады.

Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін орындау үшін:

  1. Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін қарап шығыңыз.
  2. Орындалатын белсенді ережелерге қарама-қарсы жалаушаларды қойыңыз.
  3. Іске қосу ережесі түймесін басыңыз.

Таңдалған ережелер орындалады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу
[Topic 175974]

Құрылғылардан автоматты түрде тег қою ережелерін жою

Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін жою үшін:

  1. Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін қарап шығыңыз.
  2. Жойғыңыз келетін ережеге қарама-қарсы жалаушаны қойыңыз.
  3. Жою түймесін басыңыз.
  4. Пайда болған терезеде Жою түймесін тағы да басыңыз.

Таңдалған ереже жойылады. Осы ереженің сипаттарында көрсетілген тег тағайындалған барлық құрылғылардан алынады.

Құрылғыдан алынған тег жойылмайды. Қажет болса, оны қолмен жоюға болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу
[Topic 175976]