Ерекшелікті қосу шебері Kaspersky Endpoint Security үшін Аномалияларды бейімделумен басқару ережелерінен ерекшеліктерді қосуға мүмкіндік береді.
Төмендегі тәсілдердің бірін пайдаланып, шеберді іске қосуға болады.
Аномалияларды бейімделумен басқару қалтасындағы ерекшелікті қосу шеберін іске қосу үшін:
Бір уақытта 1000-ға дейін ерекшелік қосуға болады. Егер сіз көбірек элементтерді таңдап, оларды ерекшеліктерге қосуға тырыссаңыз, қате туралы хабар пайда болады.
Нәтижесінде, ерекшелікті қосу шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.
Консоль ағашындағы басқа түйіндерден ерекшелікті қосу шеберін іске қосу үшін:
Ерекшелікті қосу шеберін пайдаланып, Аномалияларды бейімделумен басқару ережелеріне ерекше жағдайларды қосу үшін:
Егер сізде тек Kaspersky Endpoint Security for Windows бағдарламасы болса және Аномалияларды бейімделумен басқару ережелерін қолдайтын басқа бағдарламалар болмаса, бұл қадамды өткізіп жіберуге болады.
Келесі қадам саясатты өңдеу барысын көрсетеді. Бас тарту түймесін басып, саясатты өңдеуді доғаруға болады.
Иеленген саясаттарды жаңарту мүмкін емес. Саясатты өзгертуге құқықтарыңыз болмаса, мұндай саясат та жаңартылмайды.
Барлық саясаттар өңделгеннен (немесе саясаттарды өңдеу доғарылғаннан) кейін, есеп жасалады. Есеп, қандай саясаттардың сәтті жаңартылғанын (жасыл белгіше), қандай саясаттардың жаңартылмағанын (қызыл белгіше) көрсетеді.
Аномалияларды бейімделумен басқару ережесінің ерекшелігі конфигурацияланған және қолданылады.