Құрылғы тегтерін жою

Қолмен тағайындалған тегтерді ғана жоюға болады.

Қолмен тағайындалған құрылғының тегін жою үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Активтер (құрылғылар)ТегтерҚұрылғы тегтері бөліміне өтіңіз.

    Тегтер тізімі көрсетіледі.

  2. Жойғыңыз келетін құрылғы тегтерін таңдаңыз.
  3. Жою түймесін басыңыз.
  4. Пайда болған терезеде Иә түймесін басыңыз.

Құрылғының таңдалған тегі жойылды. Жойылған тег, ол тағайындалған барлық құрылғылардан автоматты түрде алынып тасталады.

Құрылғыға автоматты түрде тағайындалған тегті жойған кезде, ереже жойылмайды және құрылғы ереже шарттарына бірінші рет сай болған кезде тег жаңа құрылғыға тағайындалады. Ереже шарттарында көрсетілген тегті автоматты түрде тағайындау ережесін жойсаңыз, ол тағайындалған барлық құрылғылардан жойылады, бірақ тегтер тізімінен жойылмайды. Қажет болса, тізімнен тегті қолмен жоюға болады.

Егер бұл тег құрылғыға бағдарлама немесе Желілік агент арқылы тағайындалса, жойылған тег құрылғыдан автоматты түрде жойылмайды. Құрылғыдан тегті жою үшін klscflag утилитасын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу