Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы, Linux және Windows операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін басқарылатын клиент құрылғыларында орнатылған бағдарламалық жасақтаманы түгендейді.
Желілік агент құрылғыда орнатылған бағдарламалар тізімін құрастырып, тізімді Басқару серверіне жібереді. Желілік агентке бағдарламалар тізімін жаңарту үшін шамамен 10-15 минут кетеді.
Windows операциялық жүйесі бар клиент құрылғылары үшін Желілік агент орнатылған бағдарламалар туралы ақпараттың көп бөлігін Windows тізімдемесінен алады. Linux операциялық жүйесі бар клиент құрылғылары үшін орнатылған бағдарламалар туралы ақпаратты Желілік агент пакет диспетчерлерінен алады.
Басқарылатын құрылғыларда орнатылған бағдарламалар тізімін көру үшін,
Бетте басқарылатын құрылғыларда орнатылған бағдарламалары бар кесте көрсетіледі. Сол бағдарламаның қасиеттерін көру үшін бағдарламаны таңдаңыз, мысалы: өндірушінің аты, нұсқа нөмірі, орындалатын файлдар тізімі, бағдарлама орнатылған құрылғылардың тізімі.
Ашылған Бағандар параметрлері мәзірінен кестеде көрсетілетін бағандарды таңдаңыз. Бағдарлама орнатылған клиент құрылғыларының операциялық жүйесінің түрін көру үшін Операциялық жүйенің түрі бағанын таңдаңыз.
Орнатылған бағдарламалардың сүзілген кестесі көрсетіледі.
Таңдалған басқарылатын құрылғыда орнатылған бағдарламалар тізімін көру үшін,
Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Басқарылатын құрылғылар → <құрылғы атауы> → Кеңейтілген → Бағдарламалар тізімдемесі бөліміне өтіңіз. Бұл мәзірде бағдарламалар тізімін CSV немесе TXT пішіміндегі файлдарға экспорттауға болады.
Бағдарламаларды бақылау құрамдас бөлігінің толық сипаттамасын Kaspersky Endpoint Security for Linux және Kaspersky Endpoint Security for Windows бағдарламасының онлайн анықтамасынан қараңыз.