Осалдықтарды түзету тапсырмасын пайдалану үшін, тапсырма параметрлерінде тізімделген үшінші тарап бағдарламаларындағы осалдықтарды түзету үшін бағдарламалық жасақтама жаңартуларын қолмен көрсету керек. Осалдықтарды түзету тапсырмасы басқа үшінші тарап қолданбалары үшін ұсынылған Microsoft қолданбаларының түзетулері мен пайдаланушылық түзетулерді пайдаланады.
Пайдаланушы түзетулері – әкімші осалдықтарды түзету мақсатымен орнату үшін қолмен көрсететін бағдарламалық жасақтама жаңартулары.
Үшінші тарап бағдарламаларындағы осалдықтарға арналған пайдаланушылық түзетулерді таңдау үшін:
Басқарылатын құрылғыларда орнатылған үшінші тарап қолданбаларындағы осалдықтар тізімі бар бет ашылады.
Таңдалған осалдықтың сипаттар терезесі ашылады.
Таңдалған бағдарламалық жасақтама осалдықтары үшін пайдаланушылық түзетулердің тізімі көрсетіледі.
Қолжетімді орнату пакеттері тізімі көрсетіледі. Көрсетілген орнату пакеттері тізімі Операциялар → Қоймалар → Орнату пакеттері қалтасындағы тізімге сай келеді.
Егер сіз таңдалған осалдықты түзету үшін пайдаланушылық түзетуді қамтитын орнату пакетін жасамаған болсаңыз, Жаңа түймесін басу және орнату пакетін жасау шеберін іске қосу арқылы пакетті қазір жасауға болады.
Бағдарламалық жасақтама осалдықтарына арналған пайдаланушылық түзетулерді қамтитын орнату пакеттері көрсетілген. Осалдықтарды түзету тапсырмасын іске қосқан кезде орнату пакеті орнатылады және қолданбадағы осалдық түзетіледі.