Интерфейсті конфигурациялау

Сіз Kaspersky Security Center Web Console интерфейсін пайдаланылатын функцияларға байланысты интерфейс бөлімдері мен элементтерін көрсетуге және жасыруға конфигурациялай аласыз.

Kaspersky Security Center Web Console интерфейсін қазіргі уақытта қолданылатын функциялар жиынтығына сай конфигурациялау үшін:

  1. Бас мәзірде өз есептік жазбаңыздың параметрлеріне өтіп, Интерфейс опциялары тармағын таңдаңыз.
  2. Қажетті параметрлерді қосыңыз немесе өшіріңіз:
    • Деректерді шифрлау және қорғау опциясын көрсету
    • EDR ескертулерін көрсету
  3. Сақтау түймесін басыңыз.

Қажетті параметрлерді қосқаннан кейін, консоль негізгі мәзірде тиісті бөлімдерді көрсетеді. Мысалы, EDR ескертулерін көрсету параметрін қоссаңыз, негізгі мәзірде Бақылау және есеп беруЕскертулер бөлімі пайда болады (соңғы құрылғыларда анықталған қауіптер туралы ақпаратты көру үшін алдымен EDR Optimum лицензия кілтін қосқаныңызға көз жеткізіңіз).

Басына оралу