Бұл бөлімде Kaspersky Security Center Web Console Server серверін (бұдан әрі Kaspersky Security Center Web Console деп те аталады) қалай Astra Linux Special Edition операциялық жүйесі бар құрылғыларға орнатуға болатыны сипатталған. Алдымен ДҚБЖ және Kaspersky Security Center Linux басқару серверін орнату қажет.
Kaspersky Security Center Web Console орнату үшін:
Минималды параметрлер жиынтығы, мекенжайы және әдепкі бойынша порты бар жауаптар файлының мысалы:
{
"address": "127.0.0.1",
"port": 8080,
"trusted": "127.0.0.1|13299|/var/opt/kaspersky/klnagent_srv/1093/cert/klserver.cer|KSC Server"
,
"acceptEula": true
}
/etc/digsig/digsig_initramfs.conf
файлын ашыңыз және келесі параметрлерді көрсетіңіз:
DIGSIG_ELF_MODE=1
apt install astra-digsig-oldkeys
mkdir -p /etc/digsig/keys/legacy/kaspersky/
/opt/kaspersky/ksc64/share/kaspersky_astra_pub_key.gpg
бағдарлама кілтін алдыңғы қадамда жасалған каталогқа орналастырыңыз:
cp kaspersky_astra_pub_key.gpg /etc/digsig/keys/legacy/kaspersky/
Егер Kaspersky Security Center Linux жеткізілім жинағында kaspersky_astra_pub_key.gpg кілті болмаса, бұл кілтті https://media.kaspersky.com/utilities/CorporateUtilities/kaspersky_astra_pub_key.gpg сілтемесінен жүктеп алуға болады.
update-initramfs -u -k all
Жүйені қайта жүктеңіз.
$ sudo dpkg -i
ksc-web-console-[жинақ_нөмірі
].x86_64.deb
$ sudo dpkg -i ksc-web-console-[жинақ_нөмірі
].x86_64.deb
Орнату файлын ашу басталады. Орнату аяқталғанша күте тұрыңыз. Kaspersky Security Center Web Console келесі директорияға орнатылады: /var/opt/kaspersky/ksc-web-console
.
$ sudo systemctl restart KSC*
Орнату аяқталғаннан кейін, сіз Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін ашып, жүйеге кіру үшін браузерді пайдалана аласыз.
Басына оралу