Бұл бөлімде Kaspersky Security Center құрамдастарының және олардың өзара іс-қимылының сипаттамасы бар.
Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы архитектурасы
Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы келесі негізгі құрамдастарды қамтиды:
Kaspersky Security Center Web Console. Бұл Kaspersky Security Center басқаратын ұйым-клиент желісін қорғау жүйесін құруға және басқаруға арналған веб-интерфейс.
Kaspersky Security Center Басқару сервері (бұдан әрі Сервер деп те аталады). Ұйымның желісінде орнатылған бағдарламалар және оларды басқару туралы ақпаратты орталықтандырылған сақтау функцияларын жүзеге асырады.
Kaspersky жаңарту серверлері. Kaspersky бағдарламаларына дерекқорлар мен модульдердің жаңартуларын жіберетін Kaspersky HTTP серверлері мен HTTPS серверлері.
KSN серверлері. Серверлерде файлдардың, веб-ресурстардың және бағдарламалық жасақтаманың беделі туралы Kaspersky жедел білім базасы бар. Kaspersky Security Network Kaspersky бағдарламаларының қауіптерге реакциясының жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді, кейбір қорғаныс құрамдастарының тиімділігін арттырады, сондай-ақ жалған іске қосылудың ықтималдығын азайтады.
Клиент құрылғылары. Ұйымның клиент құрылғыларын Kaspersky Security Center Linux қорғайды. Әрбір қорғалатын құрылғыда Kaspersky қауіпсіздік бағдарламаларының бірі орнатылуы керек.