Жиі болатын оқиғаларды бұғаттауды басқару

Басқару сервері жиі болатын оқиғаларды алуды автоматты түрде бұғаттайды, бірақ сіз жиі болатын оқиғалардың құлпын ашып, оларды алуды жалғастыра аласыз. Сондай-ақ, бұрын құлпы ашылған жиі болатын оқиғаларды алуға тыйым салуға болады.

Жиі болатын оқиғады бұғаттуды басқару үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында Жиі оқиғаларды бұғаттау бөлімін таңдаңыз.
  3. Жиі оқиғаларды бұғаттау бөлімінде:
    • Егер сіз жиі болатын оқиғалардың құлпын ашқыңыз келсе:
      1. Құлпын ашқыңыз келетін жиі болатын оқиғаларды таңдап, Есептен шығару түймесін басыңыз.
      2. Сақтау түймесін басыңыз.
    • Жиі болатын оқиғаларды қабылдауды бұғаттағыңыз келсе:
      1. Бұғаттағыңыз келетін жиі болатын оқиғаларды таңдап, Құлыптау түймесін басыңыз.
      2. Сақтау түймесін басыңыз.

Басқару сервері құлпы ашылған жиі болатын оқиғаларды қабылдайды және бұғатталған жиі болатын оқиғаларды қабылдамайды.

Басына оралу