Веб-плагиндерді сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру

Kaspersky Security Center Web Console веб-консолі сізге сақталған күйді қалпына келтіру үшін веб-плагиннің ағымдағы күйінің деректерін сақтық көшірмелеуге мүмкіндік береді. Мысалы, веб-плагин деректерін жаңа нұсқаға жаңартпас бұрын, оның сақтық көшірмесін жасауға болады. Жаңартудан кейін, егер ең жаңа нұсқа сіздің талаптарыңызға немесе дәмелеріңізге сәйкес келмесе, деректердің сақтық көшірмесінен веб-плагиннің алдыңғы нұсқасын қалпына келтіруге болады.

Веб-плагин деректерінің сақтық көшірмесін жасау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ПараметрлерВеб-плагиндер бөліміне өтіңіз.
  2. Веб-плагиндер бөлімінде деректердің сақтық көшірмесін жасау қажет веб-плагиндерді таңдап, Сақтық көшірмені жасау түймесін басыңыз.

Таңдалған веб-плагиндердің деректерін сақтық көшірмелеу. Сіз деректердің жасалған сақтық көшірмелерін Резервтік қоймалар қойыншасында қарап шыға аласыз.

Деректердің сақтық көшірмесінен веб-плагинді қалпына келтіру үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ПараметрлерРезервтік қоймалар бөліміне өтіңіз.
  2. Резервтік қоймалар бөлімінде қалпына келтіргіңіз келетін веб-плагин деректерінің сақтық көшірмесін таңдаңыз, содан соң Сақтық көшірмеден қалпына келтіру түймесін басыңыз.

Веб-плагин таңдалған деректердің сақтық көшірмесінен қалпына келтіріледі.

Басына оралу