Кластерлер мен серверлердің массивтері туралы

Kaspersky Security Center Linux кластерлік технологияны қолдайды. Желілік агент Басқару серверіне клиент құрылғысында орнатылған бағдарлама сервер массивінің бөлігі екені туралы ақпарат берсе, онда клиент құрылғысы кластер түйініне айналады.

Басқару топта серверлердің кластерлері немесе массивтері болса, Басқарылатын құрылғылар бетінде екі қойынды көрсетіледі: біреуі жеке құрылғылар үшін, екіншісі серверлердің кластерлері мен массивтері үшін. Басқарылатын құрылғылар кластер түйіндері ретінде анықталғаннан кейін, кластер Кластерлер және серверлердің массивтері қойындысына бөлек нысан ретінде қосылады.

Кластер түйіндері немесе сервер массивтері басқа басқарылатын құрылғылармен бірге Құрылғылар қойындысында берілген. Түйіндердің сипаттарын жеке құрылғылар ретінде көруге және басқа әрекеттерді орындауға болады, бірақ кластер түйінін жою немесе оны кластерден бөлек басқа басқару топқа жылжыту мүмкін емес. Бүкіл кластерді ғана жоюға немесе жылжытуға болады.

Сервер кластерлерінде немесе массивтерінде келесі әрекеттерді орындауға болады:

Сондай-ақ, қараңыз:

Кластерлердің немесе серверлердің массивтерінің сипаттары

Басына оралу