Желілік агенттің орнату пакетінің сипаттарында VDI динамикалық режимін қосу

VDI динамикалық режимін қосу үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыру → Орналастыру және тағайындауОрнату пакеттері бөліміне өтіңіз.
  2. Желілік агенттің орнату пакетінің контекстік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Сипаттар терезесі ашылады.

  3. Сипаттар терезесінде Кеңейтілген бөлімін таңдаңыз.
  4. Кеңейтілген бөлімінде VDI үшін динамикалық режимді қосу параметрін таңдаңыз.

Желілік агент орнатылған құрылғы VDI бөлігі болады.

Басына оралу