Тарату нүктелері туралы

Желілік агенті орнатылған құрылғыларды тарату нүктесі ретінде пайдалануға болады. Бұл режимде Желілік агент Басқару серверден де, "Лаборатория Касперского" серверлерінен де алуға болатын жаңартуларды тарата алады. Соңғы жағдайда тарату нүктесі үшін жаңартуларды жүктеп алуды орнатыңыз.

Тарату нүктелерін ұйымның желісіне орналастыру келесі мақсаттарды көздейді:

Тарату нүктесі басқару тобына тағайындалады. Бұл жағдайда, тарату нүктесінің әрекет ету ауқымы осы басқару тобындағы және оның барлық ішкі топтарындағы құрылғылар болады. Бұл ретте, тарату нүктесі болып табылатын құрылғы ол тағайындалған басқару тобында болуға міндетті емес.

Сіз тарату нүктесін қосылым шлюзі етіп жасай аласыз. Бұл жағдайда, тарату нүктесінің әрекет ету ауқымындағы құрылғылар Басқару серверіне тікелей емес, шлюз арқылы қосылады. Бұл режим, Басқару сервері мен басқарылатын құрылғылар арасында тікелей қосылым мүмкін болмайтын сценарийлерде пайдалы.

Linux басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыны тарату нүктесі ретінде пайдалансаңыз, klnagent қызметі үшін файл дескрипторының шектеулерін ұлғайту ұсынылады, себебі тарату нүктесінің әрекет ету ауқымы көптеген құрылғыларды қамтыса, әдепкі бойынша ашылуы мүмкін файлдардың ең көп саны жетпей қалуы ықтимал.

Сондай-ақ, қараңыз:

Тарату нүктелері мен қосылым шлюздерін конфигурациялау

Жұмысқа кірісу

Басына оралу