Есептік жазбаны рұқсатсыз өзгертуден қорғауды қосу
Сондай-ақ, сіз пайдаланушының есептік жазбасын рұқсатсыз өзгертуден қорғауды да қоса аласыз. Бұл параметр қосулы болса, пайдаланушының есептік жазбасының параметрлерін өзгерту үшін, өзгерту құқықтары бар пайдаланушы авторизациядан өтуі қажет.
Есептік жазбаны рұқсатсыз өзгертуден қорғауды қосу немесе өшіру үшін:
Бағдарламаның негізгі терезесінде Пайдаланушылар және рөлдер → Пайдаланушылар және топтар бөліміне өтіп, Пайдаланушылар қойындысын таңдаңыз.
Есептік жазбаны рұқсатсыз өзгертуден қорғауды конфигурациялағыңыз келетін ішкі пайдаланушы есептік жазбасын басыңыз.
Ашылған пайдаланушы сипаттары терезесінде Екі факторлы аутентификация қойыншасын таңдаңыз.
Есептік жазба параметрлерін өзгерткен кезде есептік деректерді әрбір рет сұрағыңыз келсе, Екі факторлы аутентификация қойыншасында Пайдаланушының есептік жазбаларын өзгерту рұқсатын тексеру үшін аутентификацияны сұраңыз параметрін және екі факторлы аутентификация үшін бір реттік қауіпсіздік кодын таңдаңыз. Не болмаса Пайдаланушыларға осы есептік жазбаны қосымша аутентификациясыз өзгертуге рұқсат беріңіз нұсқасын таңдаңыз.