Kaspersky Security Network пайдалану, сондай-ақ Kaspersky Security Center Linux және Kaspersky басқарылатын қолданбалары үшін антивирустық дерекқорлар жаңартуларын жүктеу үшін интернетке қатынасуды конфигурациялау қажет.
Басқару серверінің интернетке қатынасу параметрлерін көрсету үшін:
Негізгі мәзірдегі басқару серверінің атауын басыңыз.
Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.
Жалпы қойыншасында Интернет желісіне қатынасу параметрлері бөлімін таңдаңыз.
Интернетке қосу үшін прокси-серверді қолдану керек болса, Прокси-серверді пайдалану параметрін қосыңыз. Параметр қосулы болса, параметрлерді енгізу өрістері қолжетімді болады. Прокси-серверге қосылудың келесі параметрлерін конфигурациялаңыз: