Kaspersky Security Center Linux жүйесі Kaspersky Security Center Web Console интерфейсі арқылы басқарылады.
Kaspersky Security Center Web Console қолданбасының терезесі келесі элементтерді қамтиды:
Терезенің сол жағындағы негізгі мәзір
Терезенің жоғарғы бөлігіндегі жоғарғы панель
Терезенің оң жағындағы жұмыс аймағы
Негізгі мәзір
Негізгі мәзір келесі бөлімдерден тұрады:
Басқару сервері. Қазіргі уақытта қосылған Басқару серверінің атауын көрсетеді. Басқару серверінің атауын басып, Басқару серверінің сипаттарын ашуға болады.
Консольді шарлау. Негізгі мәзір картасын көрсетеді. Әдепкісінше Консольді шарлау басты бет ретінде орнатылады. Бұл параметрді өзгертуге болады.
Мониторинг. Желіңіздің инфрақұрылымы, қорғаныс күйі, сондай-ақ статистика туралы мәлімет береді.
Активтерді басқару. Құрамында активтерге арналған құралдар, сонымен қатар Kaspersky қолданбаларына арналған тапсырмалар мен саясаттар бар.
Пайдаланушылар және рөлдер. Пайдаланушылар мен рөлдерді басқаруға, пайдаланушы құқықтарын конфигурациялауға, пайдаланушыларға рөлдерді тағайындауға және саясат профильдерін рөлдермен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Құрылғыларды табу және орналастыру. Клиент құрылғыларын анықтау және құрылғыларды басқару топтарына қолмен немесе автоматты түрде тарату үшін желіде сауалнама жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімде бастапқы орнату шебері және қорғанысты орналастыру шебері бар.
Marketplace. Kaspersky бизнес-шешімдері туралы ақпаратты қамтиды, сізге қажет шешімдерді таңдауға және Kaspersky сайтында осы шешімдерді сатып алуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Параметрлер. Сізге сақталған күйді қалпына келтіру үшін веб-плагиннің ағымдағы күйінің деректерін сақтық көшірмелеуге мүмкіндік береді. Интерфейс тілі немесе тақырыбы сияқты интерфейстің сыртқы түріне қатысты жеке параметрлерді қамтиды.
Қажет болса, экранның төменгі жағындағы шеврон () белгісін басып, негізгі мәзірді белгішелерге дейін кішірейтуге болады.
Жоғарғы панель
Жоғарғы панель әрқашан барлық консоль бөлімінде көрсетіледі және оны жасыру мүмкін емес.
Панельдің сол жағында қолданба атауы мен логотипі бар. Қолданба атауын немесе логотипті бассаңыз, Kaspersky Security Center Web Console басты беті ашылады.
Панельдің оң жағында келесі опция көрсетіледі:
Хабарландыру белгішесі (). Белгішені бассаңыз, хабарландырулары бар панель ашылады.
Есептік жазба мәзірі. Kaspersky Security Center Linux анықтамасына сілтемені қамтиды. Сондай-ақ Kaspersky Security Center Linux жүйесінен шығып, есептік жазба құпиясөзін өзгертіп, Kaspersky Security Center Web Console нұсқасын және орнатылған веб-басқару плагиндерінің тізімін көруге болады.
Жұмыс аймағы
Жұмыс аймағы Kaspersky Security Center Web Console интерфейсі терезесінің бөлімдерінде көру үшін таңдалған ақпаратты көрсетеді. Сондай-ақ, ол ақпаратты көрсетуді конфигурациялау үшін пайдалануға болатын басқару элементтерін қамтиды.
Kaspersky Security Center Web Console-мен жұмыс істеу үшін бір браузер қойындысын пайдалануға кеңес береміз.