Kaspersky Security Center бағдарламасы Басқару серверіндегі кілттер қоймасында орналастырылған лицензиялық кілттерді басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде таратуға мүмкіндік береді. Лицензиялық кілттерді автоматты түрде тарату Тағайындалмаған құрылғылар қалтасындағы құрылғыларға қолданылмайды.
Лицензиялық кілтті басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде тарату үшін
Лицензиялық кілт сай келетін құрылғыларға автоматты түрде таратылатын болады.
Лицензиялық кілтті тарату Желілік агенттің құралдарымен орындалады. Бұл арада, бағдарлама үшін резервттегі лицензиялық кілтті тарату тапсырмалары жасалмайды.
Лицензиялық кілтті автоматты түрде тарату кезінде құрылғылар санына қойылатын лицензиялық шектеу ескеріледі. Лицензиялық шектеу лицензиялық кілттің сипаттарында белгіленген. Егер лицензиялық шектеуге қол жеткізілсе, лицензиялық кілтті құрылғыларға тарату автоматты түрде тоқтатылады.
Виртуалды Басқару сервері лицензиялық кілттерді өзінің қоймасынан және Басқару сервері қоймасынан автоматты түрде таратады. Ұсынылады:
Лицензиялық кілт сипаттары терезесінде Автоматты түрде таратылған лицензиялық кілт жалаушасын қойған болсаңыз, лицензиялық кілт сіздің желіңізде дереу таратылатын болады. Осы параметрді таңдамасаңыз, лицензиялық кілтті кейінірек қолмен тарата аласыз.