Бұл бөлімде, өзекті басқару сценарийлерін орындау барысында клиент құрылғылары мен Басқару сервері өзара алмасатын желілік трафиктің көлемі туралы ақпарат келтіріледі.
Желіге түсетін негізгі жүктеме келесі басқару сценарийлерін орындаумен байланысты:
Антивирустық қорғанысты алғашқы рет орналастыру
Антивирустық дерекқорларды алғашқы рет жаңарту
Клиент құрылғысын Басқару серверімен синхрондау
Антивирустық дерекқорларды үнемі жаңартып тұру
Клиент құрылғыларындағы оқиғаларды Басқару серверінің өңдеуі