Kaspersky Security Center, клиент құрылғыларында анықталған кейін өңделетін файлдардың көшірмелерін дискіге сақтауға мүмкіндік береді. Файлдар Kaspersky Security Center орнатылған құрылғыға, сіз көрсеткен қалтаға көшіріледі.
Файлдардың көшірмелерін келесі жағдайларда сақтауға болады:
Файлдар зарарсыздандыру кезінде жойылды не өзгертілді және олардың көшірмелері басқарылатын құрылғыдағы Kaspersky Endpoint Security for Windows қоймасында сақталды.
Kaspersky Endpoint Security саясатындағы Қауіпті анықтау әрекеті параметрі (Негізгі қорғаныс → Файл қауіптерінен қорғаныс) үшін тек журнал опциясы таңдалған.
Кейін өңделетін файлдың көшірмесін дискіге сақтау үшін:
Қоймалар қалтасындағы консоль шежіресінен Белсенді қауіптер салынған қалтасын таңдаңыз.
Белсенді қауіптер қалтасының жұмыс аймағында дискіге көшіру қажет болған файлдарды таңдаңыз.
Файлды көшіру процесін келесі тәсілдердің бірімен іске қосыңыз:
Файлдың мәнмәтіндік мәзірінде Дискіге сақтау тармағын таңдаңыз.
Таңдалған файлмен жұмыс блогында Дискіге сақтау сілтемесін басыңыз.
Нәтижесінде, таңдалған кейін өңделетін файл анықталған клиент құрылғысының қауіпсіздік бағдарламасы файлдың көшірмесін көрсетілген қалтаға сақтайды.