Стандартты орнату – бағдарлама файлдары үшін әдепкі бойынша белгіленген жолдар пайдаланылатын, әдепкі бойынша плагиндер жиынтығы орнатылатын және Ұялы құрылғыларды басқару қосылмайтын Басқару серверін орнату.
Жергілікті құрылғыға Kaspersky Security Center Басқару серверін орнату үшін,
орындалатын ksc_<нұсқа нөмірі>.<жинақ нөмірі>_full_<локализация тілі>.exe файлын іске қосыңыз.
Орнату үшін Kaspersky бағдарламалары таңдалатын терезе ашылады. Kaspersky Security Center Басқару серверін орнату сілтемесі бойынша бағдарламалар таңдалатын терезеде Басқару серверін орнату шеберін іске қосыңыз. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.