Файлдармен жұмыс істеуді жеңілдету үшін Kaspersky Security Center Басқару консолінде файл атауларының жанында белгішелер көрсетіледі (төмендегі кестені қараңыз). Белгішелер, клиент құрылғыларындағы Kaspersky басқарылатын бағдарламалары тарапынан файлдарға тағайындалған күйлер туралы сигнал береді. Белгішелер Карантин, Сақтық көшірмелеу және Белсенді қауіптер қалталарының жұмыс аймағында көрсетіледі.
Күйлер, нысан орналасқан клиент құрылғысында орнатылған Kaspersky Endpoint Security бағдарламасы тарапынан нысандарға тағайындалады.
Белгішелердің файл күйлеріне сәйкестігі
Белгіше |
Күй |
Вирус жұққан күйі бар файл. |
|
Ескерту немесе Вирус жұққан болуы мүмкін күйі бар файл. |
|
Пайдаланушы қосты күйі бар файл. |
|
Жалған позитив күйі бар файл. |
|
Емделді күйі бар файл. |
|
Жойылды күйі бар файл. |
|
Вирус жұқпаған, Құпиясөзбен қорғалған немесе «Лаборатория Касперского» компаниясына жіберілуі керек күйі бар Карантин қалтасындағы файл. Белгішенің жанында күй сипаттамасы болмаса, демек, клиент құрылғысындағы Kaspersky басқарылатын бағдарламасы Kaspersky Security Center-ге белгісіз күйді тағайындаған. |
|
Вирус жұқпаған, Құпиясөзбен қорғалған немесе «Лаборатория Касперского» компаниясына жіберілуі керек күйі бар Сақтық көшірмелеу қалтасындағы файл. Белгішенің жанында күй сипаттамасы болмаса, демек, клиент құрылғысындағы Kaspersky басқарылатын бағдарламасы Kaspersky Security Center-ге белгісіз күйді тағайындаған. |
|
Вирус жұқпаған, Құпиясөзбен қорғалған немесе «Лаборатория Касперского» компаниясына жіберілуі керек күйі бар Белсенді қауіптер қалтасындағы файл. Белгішенің жанында күй сипаттамасы болмаса, демек, клиент құрылғысындағы Kaspersky басқарылатын бағдарламасы Kaspersky Security Center-ге белгісіз күйді тағайындаған. |