Мысалы, SQL сұрауын жіберу және SQL скрипттер редакторынан дерекқорға қосылу қажет болса, дерекқордың атауын білу пайдалы болуы мүмкін.
Kaspersky Security Center дерекқорының атауын көру үшін:
Kaspersky Security Center консолі шежіресінде тінтуірдің оң жақ түймесімен Басқару сервері түйінінің мәтінмәндік мәзірін ашып, Сипаттар тармағын таңдаңыз.
Басқару сервері сипаттары терезесінде Кеңейтілген бөлімін, содан соң Ағымдағы дерекқор мәліметтері тармағын таңдаңыз.
Ағымдағы дерекқор мәліметтері бөлімінде дерекқордың келесі сипаттарына назар аударыңыз (төмендегі суретті қараңыз):