Kaspersky Security Center бағдарламасы таратылған бағдарлама болып саналады. Kaspersky Security Center құрамына келесі бағдарламалар кіреді:
Басқару сервері – ұйымның құрылғыларын басқару және деректерді ДҚБЖ-де сақтау үшін жауапты орталық құрамдас.
Басқару консолі – әкімшінің негізгі құралы. Басқару консолі Басқару серверімен бірге жеткізіледі, бірақ әкімшінің бір немесе бірнеше құрылғысына бөлек орнатылуы мүмкін.
Желілік агент – құрылғыда орнатылған қауіпсіздік бағдарламасын басқару, сондай-ақ құрылғы туралы ақпаратты алу үшін қолданылады. Желілік агенттер ұйымның құрылғыларына орнатылады.
Kaspersky Security Center бағдарламасын ұйымның желісінде орналастыру келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:
Басқару серверін орнату;
Kaspersky Security Center Web Console орнату;
Басқару консолін әкімшінің құрылғысына орнату;
Желілік агент пен қауіпсіздік бағдарламаларын ұйымның құрылғыларына орнату.