Саясатты жасау

Сіз саясаттар жасай аласыз; қолданыстағы саясаттарды өзгертуге немесе жоюға да болады.

Саясат жасау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Саясат және профильдер бөліміне өтіңіз.
  2. Саясат жасау қажет басқару тобын таңдаңыз:
    • Түбірлік топ үшін.

      Бұл жағдайда келесі қадамға өтуге болады.

    • Ішкі топ үшін:
      1. Терезенің жоғарғы жағындағы ағымдағы жол сілтемесіне өтіңіз.
      2. Ашылған тақтада қажетті ішкі топтың аты бар сілтемеге өтіңіз.

      Ағымдағы жол таңдалған ішкі топты көрсету үшін өзгереді.

  3. Қосу түймесін басыңыз.

    Бағдарламаны таңдаңыз терезесі ашылады.

  4. Саясат жасауды қажет ететін бағдарламаны таңдаңыз.
  5. Келесі түймесін басыңыз.

    Жалпы қойыншасында жаңа саясат параметрлері терезесі ашылады.

  6. Қаласаңыз, әдепкі бойынша белгіленген келесі саясат параметрерін өзгерте аласыз: атауы, күйі және иелену.
  7. Бағдарлама параметрлері қойыншасын таңдаңыз.

    Не болмаса, шығу үшін Сақтау түймесін басыңыз. Саясат саясаттар тізіміне пайда болып, сіз оның сипаттарын кейінірек өзгерте аласыз.

  8. Бағдарлама параметрлері қойындысының сол жақ панелінде сізге қажетті санатты таңдап, оң жақтағы нәтижелер панелінде саясат параметрлерін өзгертіңіз. Сіз әрбір бөлімдегі саясат параметрлерін өзгерте аласыз.

    Параметрлер жиынтығы, сіз саясат жасап жатқан бағдарламаға байланысты. Толығырақ ақпарат келесі дереккөздерде келтірілген:

    Басқа қауіпсіздік бағдарламаларының параметрлері туралы толығырақ білу үшін тиісті бағдарламаның құжаттамасын қараңыз.

    Өзгерістерді болдырмау үшін Бас тарту түймесін басуға болады.

  9. Саясат өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, қосылған саясат саясаттар тізімінде көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Kaspersky бағдарламаларын Kaspersky Security Center Web Console көмегімен орналастыру

Саясаттарды конфигурациялау және тарату: құрылғыларға бағытталған тәсілдеме

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу