Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін өзгерту
Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін өзгерту үшін:
- Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін қарап шығыңыз.
- Өзгерту қажет ережені таңдаңыз.
Ереже параметрлері бар терезе ашылады.
- Ереженің негізгі параметрлерін өзгертіңіз:
- Ереженің атауы өрісінде ереженің атауын өзгертіңіз.
Атауы 256 таңбадан аспауы керек.
- Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
- Қосқышты Ереже қосулы күйіне қойып, ережені қосыңыз.
- Қосқышты Ереже өшірулі күйіне қойып, ережені өшіріңіз.
- Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
- Жаңа шартты қосқыңыз келсе, Қосу түймесін басыңыз және ашылған терезеде жаңа шарттың параметрлерін көрсетіңіз.
- Егер сіз қолданыстағы шартты өзгерткіңіз келсе, өзгертуді қажет ететін шартты бөлектеңіз және оның параметрлерін өзгертіңіз.
- Егер сіз шартты жойғыңыз келсе, жойылатын шарт атауының жанына жалаушаны қойып, Жою түймесін басыңыз.
- Шарт параметрлері терезесінде OK түймесін басыңыз.
- Өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.
Өзгертілген ереже тізімде көрсетіледі.
Басына оралу