Құпиясөзде бос орындар, Юникод таңбалары немесе "." таңбасы "@" алдында тұрған кезде "." және "@" тіркесімі болмауы тиіс.
Енгізілген құпиясөзді қарау үшін, Көрсету түймесін басып, оны қажетті уақыт бойы ұстап тұрыңыз.
Пайдаланушының құпиясөз енгізу әрекеттерінің саны шектеулі. Әдепкі бойынша, енгізу әрекеттерінің максималды саны 10-ға тең. Сіз рұқсат етілген амалдар санын өзгерте аласыз; алайда, қауіпсіздік тұрғысынан, бұл санды азайтпаған жөн. Егер пайдаланушы құпиясөзді бірнеше рет қате енгізсе, пайдаланушы есептік жазбасы бір сағатқа бұғатталады. Сіз есептік жазбаны тек құпиясөзді ауыстыру арқылы бұғаттан босата аласыз.
Қажет болса, пайдаланушының бағдарламаға қосылуына тыйым салу үшін қосқышты Өшірулі күйіне ауыстырыңыз. Мысалы, қызметкер компаниядан жұмыстан шыққаннан кейін, есептік жазбаны өшіруге болады.
Аутентификация қауіпсіздігі қойыншасында осы есептік жазбаға арналған қауіпсіздік параметрлерін көрсете аласыз.
Топтар қойыншасында пайдаланушыны немесе қауіпсіздік тобын қосуға болады.